САЙРАМ: АУДАНДА ФОКУС-ТОПТЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

0
10

Арыс және Көлкент ауыл округтері әкімдігінің мәжіліс залында Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкерлері мен өңір тұрғындары арасындағы кездесулері мен фокус-топтық зерттеу жұмыстары өтті.
Жиынды «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалының басшысы Базарбай Мамадиярұлы ашып, жүргізіп отырды.
Аталған кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасы “Дін мәселелерін зерттеу орталығы” КММ теолог маманы Ж.Битанов, Сайрам ауданынының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы орынбасарының м.у.а. Б.Жиеналиев, облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Этносаралық қатынастар саласы мониторингі және ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Х.Исақов, сондай-ақ ауыл тұрғындары, дін саласындағы өкілдері, ауыл ақсақалдары, көше билері және этнос жастары қатысты.
Бұл ретте, тұрғындар арасында өткен кездесу «Бұрын кім болғанбыз, қазір кімбіз және болашақта кім боламыз?», «Не себептен бүгінгі таңда дінге деген көзқарас өзгере түсті?», «Әскери міндет саласындағы заңнамаларды орындау қажеттілігі» тақырыптарында және «Қоғамдағы этносаяси ахуал бойынша тұрғындардың көңіл күйі» атты фокус-топтық зерттеу жұмыстарын қамтыды.
Басқосу барысында жоғарыда аталған тақырыптар төңірегінде ой қозғалып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Сондай-ақ жиналған жұртшылық өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауаптар алды.

Leave a reply