ОРДАБАСЫЛЫҚ ТҰРҒЫН ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ АЛЫП, КӘСІП АШҚАН

0
26
Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде Түркістан облысында іс бастап, кәсібін дөңгелетіп отырған азаматтардың саны артуда.
Түркістан облысы, Ордабасы ауданына қарасты Темірлан ауылының тұрғыны Суфибеков Нұрлан 2024 жылы ІІ лекте 1 миллион 476 мың 800 теңге көлемінде қайтарымсыз грант алып, тас төсеуіш (брусчатка) өндірісін іске қосты.
Бүгінде жеке кәсіпкер сапалы өнімдерімен жергілікті нарықта танылып, ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Сонымен қатар өнімдер көрші өңірлерде де сұранысқа ие. Цех күніне 30-40 текше метр тас төсеуіш шығаруда.
«Біздің өнімдер аяқжол, аулалар, саябақтар және басқа да құрылыс нысандарын көріктендіруге кеңінен қолданылады», – деген кәсіпкер алдағы уақытта өндіріс көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Leave a reply