Болашақ аналарға бағыт беріп жүрген білікті маман

0
154
Алмаш Алтынбекова – «Отаумед» медициналық клиникасының жоғары білікті дәрігері, гинекология бөлімінің меңгерушісі.Жоғары санаттағы маман 26 жылдан бері денсаулық сақтау саласында қызмет етіп келеді, деп хабарлайды Aptamedia.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оның негізгі қызметі – жүкті әйелдерге босанғанға дейін медициналық қызмет көрсету. Қазіргі таңда оның бөлімшелерінде 1200 болашақ ана бар. Айта кетерлігі, тәжірибелі маманға көбіне ауыр экстрагенциялық патологиясы бар әйелдер жеткізіледі.Бүгінде А. Мадиярқызы босандырған әйелдердің сәбилер аман-есен. Пациенттері оның кәсібилігін жоғары бағалайды,оған сенім артады.
Алмаш Мадиярқызы өз тәжірибесін жастарға бөлісіп, болашақ дәрігерлерге тәлімгер болып та жүр. Болашақ аналар мектебін ашқан. Онда контрацепция түрлерін, мезгілсіз жүктіліктен сақтану, гинекология бойынша болашақ аналарға түрлі тақырыпта кеңестер береді.
Антына адал жан медицина саласына сіңірген еңбегі үшін 12 төсбелгімен марапатталған. Ол «ҚР денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының үздігі». Білікті маманның жемісті жұмысына табыс тілейміз!

Leave a reply