
Еңбек жолын 2005 жылы «Альянс Банк» АҚ – ЕҚДБ секторының маманы болып бастаған. 2007-2009 жылдар аралығында «Альянс Банк» АҚ – ЕҚДБ секторының бас маманы болып жұмыс істеді. 2009-2016 жылдары «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ ОҚО бойынша филиалының КТ арқылы кредиттеу бөлімінің жетекші маманы, Кредиттеу бөлімінің бас маманы, Кредиттік серіктестіктерінің консультанты қызметтерін атқарған. 2016-2019 жылдар аралығында «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ Түркістан облысы бойынша филиалы директорының орынбасары лауазымында қызмет етті. 2019-2022 жылдары «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры болды. 2022 жылы Ордабасы ауданы әкімінің кеңесшісі, 2022 жылдың қазан айынан бастап бүгінгі күнге дейін «Түркістан» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы лауазымында қызмет етті.