ҚЫСҚЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АБЗАЛ ӘЖІҒАЛИЕВ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЖАС ҚЫСҚЫ СПОРТ ШЕБЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

0
27
✔️Түркістан қаласында орналасқан «Мұз сарайына» Қытайдың Харбин қаласында өткен қысқы Азия ойындарының жеңімпазы және күміс жүлдегері Абзал Әжіғалиев келіп, Түркістан облысының қысқы спорт түрлерімен айналысатын жас спортшыларымен кездесіп, шеберлік сабағын өтті.
✔️Аталған шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, рухани шаһарға арнайы келіп, жас спортшылармен кездесіп жатқан Абзал Абайұлына алғыс білдірді.
✔️Қысқы Азия ойындарының жеңімпазы және күміс жүлдегерінің келуі аймақтың жас спортшылары үшін үлкен маңызға ие болды. Себебі, жас өрендер чемпионмен сұхбаттасып, жігерленеді. Абзал өңірде қысқы спорттың дамуына үлес қосып, жас спортшылармен шеберлік сабағын өткізді.

Leave a reply