Суббота, 1 марта

ТҮРКІСТАНДА «ЖАС ТОЛҚЫН-2025» АЙМАҚТЫҚ ЖАС ЭСТРАДА ӘНШІЛЕРІ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

0
24
🔹Түркістанда Қазақстанның Халық әртісі, әнші, композитор Ескендір Хасанғалиевтің 85 жылдығы аясында «Жас толқын-2025» аймақтық жас эстрада әншілері байқауы өтті. Ән додасына облысқа карасты 17 аудан, қаладан арнайы іріктелген 16-25 жас аралығындағы 19 үміткер қатысып, бақ сынады. Іс-шараға келушілер фойедегі байқау шежіресінен құралған фотокөрмені тамашалады. Одан әрі қатысушылар жеребе алу рәсімінен кезектерін анықтады.
🔹Ән әлеміндегі жаңа дарындарға мүмкіндік ашу, халыққа кеңінен таныстыру, шығармашылық қолдау көрсету, әншілік қасиеттерін, өнерге деген құштарлығын арттыру, Отанға деген сүйіспеншілігін, рухани-патриоттық сезімін ояту мақсатында өткен байқауда үміткерлер жанды дауыста екі ән орындады. Алғашқы кезеңде сазгердің әндерінен, ал екінші кезеңде еркін тақырыпта ән орындады. Бір-бірінен оза шапқан өнерлі, талантты жас әншілерді арнайы тағайындалған қазылар алқасының құрамы бағалап, сараптады.
🔹Қазылар құрамының шешімімен бас жүлде Нысанбай Бағдатқа (Түркістан қаласы) бұйырды. Ал I орынды Сана Шахзод (Шардара ауданы), II орынды Әлия Тыныбек (Созақ ауданы) пен Асыл Жомартов (Түркістан қаласы), III орынды Сыйхынбай Бекасыл (Мактаарал ауданы) мен Досбол Ханшайым (Отырар ауданы), Қырықбай Иманғали (Бәйдібек ауданы) иелееді. Сондай-ақ «Ескендір Хасанғалиев атындағы», «Жас талант», «Ең үздік дауыс», «Көрермен көзайымы» номинациялары табысталды.
🔹Байқауды ұйымдастырушы Түркістан қалалық мәдениет үйінің директоры Лиза Төлегенқызы барлық жүлдегерді қала әкімінің дипломымен марапаттап, сый-сияпатын табыстады. Байқауға келген қатысушылар мен көрермен қауым алғыстарын білдіріп, көтеріңкі көңіл-күймен тарасты.

Leave a reply