
Халықтың келбеті, тәрбиелік ережесі — ата дәстүріміз. Осы орайда Түркістан облысының тұрғындарына ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттау үшін төмендегі ақпараттық мақаланы ұсынып отырмыз.
Байғазы — балалар, жасөспірімдер мен бозбалалар әлдеқандай бір жаңа нәрсеге ие болған кезде жақын, сыйлас адамдарынан байғазы сұрайды. Байғазы сұраушыға, көңілі қайтарылмай, ақшалай не заттай сыйлық беріледі.
Бұл дәстүр ел ішінде бүгінге дейін сақталып келеді. Кей ауылдарда жеңіл машина мінген не болмаса үлкен дүние иеленген иесіне қомақты байғазы беру нағашылардың парызы іспетті саналады.
Байғазы да – көрімдік сұрау, сүйінш сұрау сияқты жарасымды дәстүрлерінің бірі. Ол тек жансыз заттарға ғана сұралады.
Бастаңғы — Қазақ ауылдарының ойынсыз, тойсыз болмайтыны белгілі. Ауылдың үлкендері ерулік-қарулық сияқты той-томалақтарға немесе жолаушылап кеткенде, жастар, қыз-келіншектер бас қосып, бір үйге жиналады да, оңаша отырыспақ, яғни бастаңғы жасайды. «Қызға – қырық үйден тыйым» деген берік қағиданы ұстанып, ұяң өсетін қазақ қыздары әдетте мұндай басқосуға жеңгелерімен немесе іні-қарындастарымен бірге келетін болған. Бастаңғыға жиналған қыздар үйлерінен құт-май, қант-шайларын өздері әкеліп, ортақ дастархан жаяды. Тамақты да өздері жасайды. Бұдан байқайтынымыз, бастаңғы жасау арқылы қыз балалар ертеңгі үлкен өмірге дайындалады, қонақ күте білуді, табақ тартуды үйренуге қам жасайды.
Басқосу барысында ұлттық ойындар ойналады, ойында жеңілгендер ән орындап, тақпақ, өлең айтады, жұмбақтар шешеді, әртүрлі өнерлерін көрсетеді. Бастаңғы – қазақ жастарының ежелден келе жатқан дәстүрлі сауықтарының бірі.
Беташар. Қалыңдық күйеудің босағасын аттағаннан кейін, ақын жігіт өлеңмен жас келіннің бетін ашады. Беташар мазмұны – жас келіннің қайын ата, қайын ене, қайын аға жалпы үлкендер алдында инабаттылық, әдептілік міндеттерін сипаттап, ақыл айту. Ақын әрбір өлеңнің шұмағында келінге тізе бүктіріп сәлем жасатып отырады. Беташар жырының мазмұны тұрмыс салт жырларының тобына жатады. Беташар жырын айтатын адам шаңыраққа жаңа түскен келінге кімнің кім екенің таныстырады. Дәстүр бойынша, жаңа түскен келінді беташар жоралғысы жасамастан бұрын ешкім көре алмайды. Осынау тамаша дәстүріміз әлі күнге дейін өз жалғасып тауып келеді.
Ерулік — Ауылға басқа жақтан бір отбасы көшіп келгенде, көршілері ол үйді қонаққа шақырып, дәм-тұз татыру арқылы ықылас-пейіл көрсетеді. Бұл салт халқымызда «ерулік беру» деп аталады. Ерулік беру арқылы ауыл жаңа тұрғындарды, жаңа көршілерін өздеріне етене жақындастыруды, бөтенсіретпеуді көздейді.
Жеті шелпек — «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деп білетін қазақ аруақтар түске кіргенде жұма күндері жеті шелпек пісіріп, Құран оқытады. Көптеген өңірлерде аруақтарға арнап пісірілген жеті шелпек (жеті нан деп те аталады) көрші-қолаңдарға таратылады. Қазақ ұғымында әр аптаның жұма күндері аруақтар үйді-үйден иіс дәм етеді деген сенім бар. Аруақтар түске кіргенде, нан пісіруге жағдай болмаған күнде, отқа май тамызып, иіс шығару арқылы дұға қайыру да осындай сеніммен болса керек.
Жар-жар. Ұзатылған қыздың және онымен қоштасатынсағынышты сезімге тұнған сазды ән дәстүрі. Жар-жар көбінесе жеке дауыспен айтылады. Бір жағы – күйеу, екінші жағы – қалындық тобы. Келін түсіру жағы қуанышты, коніл күйі көтеріңкі келсе, қыздар тобы көбіне мұңды, сағынышты өлеңдер айтады.
Зекет. Ғарып ғасерге тарату үшін арнайы жиналатын салық. Мұсылманның бес парызы деп аталады. Садақаны әрбір адам өзінің әл-ауқатына байланысты береді.
Қажылық. Меккеге қажыға бару – исламның негізгі парызының бірі. Дәулеті жеткек мұсылман ең болмағанда бір рет қажыға баруға міндетті. Қажыға Мұхаммед пайғамбар пайдаланған күн тізбесі бойынша зу-л-хиджа айында барады. Тауап етушілер 7 хиджа күні Меккеге келеді. Арулы жарасынан өтеді. Құтпа намазын өткізеді. Мұздалиф мешітінде кешкі және ақшам намазы оқылады. Таңғы намаздан кейін Мұздалиф тауынан 7 тас алып, оларды Мина алқабындағы Мұхаммедтің жолын бөгегісі
Қалыңмал – қалындық малы (т. б. сый құрметі).
Кеңес үкіметі тұсында айыпталып, бұл дәстүр 1920 жылы ресми түрде жойылды. Кейбір зерттеушілердің деректері бойынша қалыңмал қыз берген үйдің, қызға жұмсалатын шығынын өтеу болып саналады.
Қалыңмал ертеде былай бөлінген:
- Бас жақсы – ең құнды тұрмысқа керекті төрт зат