Шымкентте нашақорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған қызметті үйлестіру жөніндегі штабтың кезекті мәжілісі өтті
Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының және қала әкімдігінің аппараты құқық қорғау жүйесі бөлімінің ұйымдастыруымен «ZOOM» платформасы арқылы онлайн режимде нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметті үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штабтың кезекті мәжілісі өтті.
Аталған шараға штаб құрамына енгізілген мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары қатысты. Жиын барысында қаладағы есірткі бизнесі және нашақорлық ахуалы туралы, олармен күресуде және алдын алуда мемлекеттік органдар арасында өзара әрекеттестік барысы, бұл бағыттағы жұмыстардың тиімділігін одан әрі арттыру жоспарлары, осы саладағы өзекті мәселелерді анықтау және бірлесіп шешу жолдары талқыланды.
Мәжіліс қорытындысы бойынша штаб төрағасы қала әкімінің бірінші орынбасары Мұқан Шыңғыс Жұмабекұлы бірқатар мемлекеттік органдар жетекшілеріне нақты тапсырмалар беріп, оларды іске асыру барысын қатаң бақылауға алуды тапсырды.
Айта өтетін ақпарат, аталған мәжіліс «26-маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткі саудасына қарсы күрес күні» қарсаңында және қала республикалық деңгейде өтіп жатқан «Қарасора-2021» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында ұйымдастырылды.