
Әр елдің өзіне тән әдет-ғұрпы, салт дәстүрі бар. Олары екі ауыз сөзбен халықтың келбеті, тәрбиелік ережесі деуге болады. Осы орайда Түркістан облысының тұрғындарына ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттау үшін төмендегі ақпараттық мақаланы ұсынып отырмыз.
Салт-дәстүр, әдет-ғұрып ата-бабалардың ұзақ ғасырлық ұзың-ұзың көш керуені арқылы ұрпақ алмасқан сайын үзілмей жалғасып, кешеден бүгінге асыл аманаттай ардақ қалпына ұласып, ұлттық болмысты басқармадан айрықшалап, даралап тұратын ішкі бір рухани айна іспетті. Онсыз халық болмайды.
Кешегiсiз бүгiн де, ертең де тұл. Тiптi бар ғой, дәстүрдi адамның қай ұлтқа жататындығының бiр басты белгiсi ретiнде қарастырған жөн. Себебi, Ғабит Мүсiрепов жазғандай, «мал баласын баурында өсiредi, ағаш жапырағын ығына қарай төгедi, адам баласы қоғамның шылауында өседi». Осы мысалды Халық-ана тағдырына қабыстыра айтсақ, ата-дәстүр де ұл-қыздарының бойында ұлттық иiстi бiлдiрiп тұрмақ!
Тоталитарлық қызыл империя қирығынан қазақ халқы қатты зардап шеккені баршаға мәлім. Тілімізден, дінімізден көз жазып қалдық. Әсіресі әдет-ғұрып, салт-дәстүріміз бәрі ескелікке телінді. Барлық жақсы дәстүрлер салтанат құрған күнімізге еліміз тәуелсіздік алуы арқасында жетіп отырмыз. Ұлттық жол-жоралғыларымыз бірте-бірте өз жарасы – мын табуда. Бұл тұрғында қазақ халқының екі жүзге жуық салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, сенім-ырымы, ұлттық ойындарындарыныңтаңымдық, тәрбиелік мәні зор.
Енді сол ата-мұрамызға тоқталық.
Азан шақырып ат қою. Азан араб тілінде шақыру, жариялау дегенді береді. Діни ұғымда таңертен азан шақыру – таңғы намаз оқуды хабарлау деп жүсіндіріледі. Ат қою осы діни ұғыммен сабақтас: нәрістені қырқынан шығарып, ауыл ақсақалдарын жинап, азан шақырып ат қойғызады.
Айт – мұсылмандық діни мейрамы. Ол мынандай түрге бөлінеді:
- Ораза айты: ораза аяқталған кейін үш күн бойы өтеді.
- Құрбан айты: құдайға құлшілік ретінде құрбан шалады. Аталған мейрамдардың қай-қайсысында да мұсылман қауым құдайға құлшілік ету үшін, пітір, зекет, садақа беру үшін мешітке барады, тілек тілесіп, бата сұрасып, қонаққа шақырысады.
- Алланың барлығына, бірлігене кәміл сену.
- Діннің негізгі тірегі – күнде бес уақыт намаз оқу.
- Жылына бір рет зекет беру.
- Рамазан айында бір ай ораза ұстау.
- Бір рет қажылыққа бару.