
«Әділет» партиясы Түркістан облыстық филиалының сайлауалды штабының мүшелері Келес ауданындағы спорт кешенінде спортшылармен кездесті.
Жиында партияның 2026–2031 жылдарға арналған «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Атап айтқанда, спортты дамыту, жастарды қолдау, бұқаралық спортты насихаттау және заманауи спорт нысандарының қолжетімділігін арттыру мәселелері сөз болды.
Кездесу барысында спортшылар өз ұсыныстарын ортаға салып, сала мен өңірді дамытуға бағытталған партия бастамаларын қолдайтындарын жеткізді.
Тапсырыс беруші: Салимов А.А.
Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді













