
«Әділет» партиясының Түркістан облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарының сайлауалды штабының мүшелері облыс жастармен кездесті. Жиынға партияның облыстық филиалының төрағасы, облыстық сайлауалды штаб жетекшісі Алмас Салимов және штаб мүшелері қатысты.
Кездесу барысында Алмас Салимов партияның 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарына тоқталып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты жоспарларды таныстырды.

-Бағдарламаның басты міндеттерінің бірі – жастарға сапалы білім алуға, тұрақты жұмысқа орналасуға және кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндік беретін жағдай қалыптастыру. Бұл ретте өңір экономикасын әртараптандыру, инвестиция тарту, жаңа өндіріс орындарын ашу және цифрлық инфрақұрылымды дамыту маңызды рөл атқарады. Бағдарламада белгіленген міндеттер тек экономикалық көрсеткіштерді жақсартуға емес, тұрғындардың, соның ішінде жастардың өмір сапасын арттыруға бағытталған,-деді Алмас Алтайұлы.
Бағдарламаға сәйкес, алдағы жылдары облыста 5 450 орынға арналған 25 білім беру нысанын салу, 26 мектепті күрделі жөндеуден өткізу көзделген. Сонымен қатар, 105 инвестициялық жобаны жүзеге асыру және шағын және орта бизнестің өнім көлемін 30 пайызға ұлғайту жоспарланып отыр. Бұл бастамалар жаңа жұмыс орындарын ашуға, жастардың кәсіби дамуына және кәсіп бастауына мүмкіндік береді.

Кездесуде «Жастар рухы» жастар қанаты Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаттығына кандидат, облыстық сайлауалды штаб мүшесі Еркебұлан Мадиярұлы да сөз сөйледі. Ол бағдарламада жастардың білім алуына, еңбекпен қамтылуына және қоғамдық өмірге белсенді араласуына қатысты нақты бағыттар қамтылғанын атап өтті. Сондай-ақ жастардың бұл бастамаларды қолдайтынын жеткізді.
Бұдан бөлек, цифрлық технологияларды дамыту, мобильді интернетпен қамту деңгейін 99,9 пайызға жеткізу және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері де талқыланды. Жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді.

Тапсырыс беруші: Салимов А.А.
Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді
Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді












