
Кентау қаласында «Әділет» партиясының штаб мүшелері тұрғындармен кездесіп, партияның 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
Жиынға «Әділет» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаттығына кандидат, облыстық сайлауалды штабтың басшысы Алмас Салимов, штаб мүшелері, сондай-ақ облыстық және қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар қатысты.
Кездесу барысында партия өкілдері Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық даму мүмкіндіктеріне тоқталып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бастамаларды баяндады.

-Сайлауалды бағдарламада халықты толғандыратын тұрақты жұмыспен қамту, сапалы жол, тұрғын үй, коммуналдық инфрақұрылым, қолжетімді білім мен медицина, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері қамтылған.
Партияның «Әділетті болашақ үшін» атты 2026–2031 жылдарға арналған бағдарламасы өңірдің ерекшеліктері мен тұрғындардың сұраныстарын ескере отырып әзірленді, -деді Алмас Алтайұлы.
Сайлауалды бағдарламаға сәйкес, 2031 жылға дейін орындалуы тиіс, нақты көрсеткіштермен бағаланатын міндеттемелер белгіленген.
Атап айтқанда, елді мекендерді табиғи газбен қамту деңгейін 75,6 пайыздан 97 пайызға жеткізу, жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін 98 пайызға дейін арттыру, шағын және орта бизнес өндірісінің көлемін 30 пайызға ұлғайту көзделген. Сонымен қатар 25 жаңа білім беру нысанын салу, 26 мектепті күрделі жөндеуден өткізу, 48 денсаулық сақтау нысанын пайдалануға беру және 23 спорт кешенін салу жоспарланған.
Кездесуде қоғамдық қауіпсіздік пен заң үстемдігін қамтамасыз ету, тұрғындардың өтініштерін назарға алу және депутаттардың халық алдындағы жауапкершілігін арттыру мәселелері де сөз болды. Осы бағытта бейнебақылау камераларын орнату, шалғай елді мекендерде «Әділет керуені» қоғамдық қабылдауларын өткізу, құқық бұзушылықтың алдын алу және сайлаушылармен тұрақты байланыс орнату міндеттері қарастырылған.

Экономиканы дамыту бағытында ауыл шаруашылығын қолдау, су ресурстарын тиімді пайдалану, су үнемдеу технологияларын енгізу, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелеріне басымдық берілген. Бұл бастамалар ауыл тұрғындарының табысын арттырып, өңірдің өндірістік әлеуетін нығайтуға бағытталған.
Штаб мүшелері бағдарламаның басты ерекшелігі – жалпы уәделермен шектелмей, әр бағыт бойынша нақты көрсеткіштер мен мерзімдердің белгіленуі екенін атап өтті. Сондай-ақ мәслихат депутаттары бағдарламаның орындалуына ықпал етіп, оның жүзеге асырылуына тұрақты бақылау жүргізуі тиіс екені айтылды.
Кездесу барысында тұрғындар да өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, партияның сайлауалды бағдарламасын қолдайтындықтарын жеткізді. Партия өкілдері халықпен ашық диалог орнату, азаматтардың талап-тілектерін ескеру және оларды шешуге ықпал ету партия жұмысының негізгі бағыттарының бірі екенін айтып өтті.
Тапсырыс беруші: Салимов А.А.
Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді
Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді











