«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛДАРДЫ ДАМЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ

0
45
«Әділет» партиясының Түркістан облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарының сайлауалды штабының мүшелері Сауран ауданына қарасты Ескі Иқан ауылының тұрғындарымен кездесті. Ауылдық мәдениет үйінде өткен жиынға облыстық сайлауалды штаб жетекшісі Алмас Салимов пен штаб мүшелері қатысты.
Кездесу барысында Алмас Алтайұлы партияның 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын таныстырып, оның өңірлерді, соның ішінде ауылдық елді мекендерді дамытуға бағытталған басымдықтарына тоқталды.
-Бағдарламада ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсарту, инфрақұрылымды жаңарту, кәсіпкерлікті қолдау және жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелеріне ерекше мән берілген. Атап айтқанда, облыстағы елді мекендерді табиғи газбен қамту деңгейін 75,6 пайыздан 97 пайызға жеткізу, жергілікті жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін 98 пайызға арттыру көзделген. Бұл ауылдардың инфрақұрылымын жақсартып, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді,-деді, штаб төрағасы.
Сондай-ақ, бағдарламадағы экономикалық бағытта 105 инвестициялық жобаны жүзеге асыру және шағын әрі орта бизнестің өнім көлемін 30 пайызға ұлғайту жоспарланып отыр.
Ал, білім беру саласында 5 450 орынға арналған 25 нысан салу, 26 мектепті күрделі жөндеуден өткізу міндеті белгіленген. Сонымен қатар, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды 100 пайызға жеткізу көзделген. Ауыл балаларының сапалы білім алуына жағдай жасау, жастардың кәсіби білім мен заманауи дағдыларды меңгеруі де бағдарламаның маңызды бағыттарының бірі.
Кездесуде цифрлық инфрақұрылымды дамыту, интернет сапасын жақсарту, денсаулық сақтау мен спорт нысандарын жаңарту мәселелері де сөз болды.
Жиын соңында ауыл тұрғындары мен жастар партияның сайлауалды бағдарламасын қолдайтындықтарын айтты және өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ұсыныстарын білдірді. Сайлауалды штаб мүшелері партия бағдарламасында белгіленген міндеттерді түсіндіріп, қойылған сұрақтарға жауап берді.
Тапсырыс беруші: Салимов А.А.
Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді

Leave a reply