Четверг, 6 марта

ТӨЛЕБИДЕ 200-ДЕН АСТАМ АНАҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

0
27
✔️Төлеби ауданында Халықаралық әйелдер күніне орай, «Гүл сыйлайық анаға« мерекелік шара өтті. Салтанатты жиынға аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов 200-ден астам анаға сый-құрмет көрсетті.
✔️Іс-шара барысында аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, қоғамдық саяси өміріне белсене атсалысып жүрген аналарға «Алғыс хат» табыстады.
✔️Аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров отбасының ұйытқысы, береке-бірлігінің шырақшысы болып жүрген аналарды мәслихат Грамотасымен марапаттады.
✔️Мерекелік шарада аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынды.
✔️Айта кетсек, Төлеби ауданында 325 ана «Батыр ана» атанса, 1031 ана «Алтын алқа», 2192 ана «Күміс алқа» иегері атанып, құрметке бөленуде.

Leave a reply