Воскресенье, 20 апреля

БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР – БІРЛІК ДӘНЕКЕРІ

0
30
Түркістан қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында «Ассамблея жастары» РҚБ облыстық өкілдігінің ІІ тоқсандық отырысы өтті.
Басқосуға облыстық өкілдіктің белсенді жастары, сондай-ақ «Қоғамдық келісім» КММ басшылығы мен қызметкерлері қатысты.
Жиынды «Ассамблея жастары» РҚБ-нің облыстық өкілдігінің төрағасы Нодиржон Хасантаев ашып, жүргізді. Ұйым төрағасы атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, алдағы жоспарлармен бөлісті. Сонымен қатар, белсенді жас Захро Ирисматова жастардың бастамалары мен жобалары жайлы пікірін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды.
Жалпы, жыл басынан бері «Ассамблея жастарының» қатысуымен Түркістан облысында 30-ға жуық түрлі бағыттағы іс-шаралар ұйымдастырылды. Оның ішінде әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени және жастардың белсенділігін арттыруға бағытталған кездесулер мен бастамалар бар.
Жиын барысында Түркістан қалалық «Ассамблея жастары» ұйымының жетекшісі болып Захро Ирисматова сайланды.
Басқосуда қатысушылар ҚХА-ның 30 жылдығы шеңберінде атқарылатын жұмыстар, жастар саясаты мен қоғамдық келісімді дамыту бағытында еркін пікір алмасты.
Жиында сөз алған Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Ерназар Баетов жастарды белсенділікке шақырып, бірлік пен татулық құндылықтарын бірге насихаттаудың маңызын атап өтті.

Leave a reply