Оқушылары – олимпиада жүлдегерлері

0
138


Ұстаз еңбегінің жемісі – саналы тәрбие, сапалы біліммен қаруланған, елінің мәртебесін көтеретін жасампаз ұрпақ. Елдің ертеңіне қызмет ететін өрендерді тәрбиелеуде шымкенттік ұстаздардың да еңбегі орасан. Солардың бірі – Шымкент қаласы «Білім-инновация» ер балаларға арналған №1 лицей-интернатының география пәнінің мұғалімі Арғын Бастами.

Ұлағатты ұстаздың бүгінде шәкірттері республикалық және халықаралық пән олимпиадаларына белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр.

Атап айтсақ, 2018-2019 оқу жылында Арғын Ержанұлының оқушысы география пәнінен өткен халықаралық олимпиадаға қатысып, арнайы номинацияға ие болды.

Сондай-ақ, білікті педагог үшін өткен оқу жылы да карантин жағдайына қарамастан жемісті болды. Үш бірдей шәкірті республикалық пән олимпиадасынан жүлделі орындарды иеленіп, қаланың да, ұстаздың да мерейін үстем етті. Жалпы білім беру тәжірибесінде жас маманның өзі жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жүр.

Тәжірибелі ұстаздың ізденімпаздығы мен білім-біліктілігі ескеріліп, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, кейіннен Алғыс хатымен, былтыр білім басқармасының «Алғыс хатымен» марапатталды. Ол өзінің еңбексүйгіштігімен, қажырлы еңбегінің арқасында әріптеске сыйлы, шәкіртке үлгі болып келеді.

Leave a reply