Пятница, 18 июля

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА АЛМА БАУ АУМАҒЫ 3 МЫҢ ГЕКТАРДАН АСТЫ

0
18
Түлкібас ауданы Жабағылы ауылдық округіне қарасты «Алмалы сай» өндірістік кооперативі алғашқы алма жемісін жинап жатыр. Кәсіпкер өзіне тиесілі 80 гектар жер телімінің 30 гектарына «Гала» және «Бес жұлдыз» алма сорттарын тамшылатып суғару әдісімен еккен. Алдағы жылы қосымша 25 гектарға алма бау көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр.
Қазіргі таңда аталған шаруашылықта 10 адам тұрақты жұмыспен, 15 адам науқанды жұмыспен қамтылып отыр. Aталған шаруашылыққа аудан әкімі Асқар Естібаев тиісті бөлім басшыларымен арнайы барып, жұмысымен танысты. Асқар Сұлтанұлы кәсібін ұлғайтуға қаржы мәселесі кедергі болып тұрған кәсіпкерге мемлекеттен қолдауларды ұсынып, заң аясында көмек берілетіндігін жеткізді. Айта кетейік, бүгінде аудан аумағында жалпы алма бау көлемі 3 062 гектарды құрайды. Оның ішінде 644 гектары қарқынды бау.

Leave a reply