ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА АУЫЛ КӨШЕЛЕРІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТІП ЖАТЫР

0
111
Бүгінде Қазығұрт ауданындағы бірқатар елді мекендерде жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осы ретте аудан әкімі Азизхан Исмаилов ең алдымен Сарапхана ауылдық округі, Майлыошақ елді мекеніндегі Келешек, Тұран, Шырбанов, Парасат және Талдыбұлақ ауылдарының көшелерінде жүргізіліп жатқан 10,37 шақырымдық жолдың жөндеу жұмыстарын бақылады. Сонымен қатар, Қызылқия ауылдық округі, Айнатас елді мекеніндегі жолдың орташа жөндеу жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ, аудан әкімі Қарабау ауылдық округі, Жұмысшы ауылындағы ұзындығы 8,423 шақырымды құрайтын жолдың жөндеу жұмыстарына өз бағасын берді.
Сапар соңында аудан әкімі тиісті мекеме басшылары мен мердігер мекемелерге жұмыстың сапасына ерекше көңіл бөліп, белгіленген мерзім ішінде толық аяқтауды тапсырды.

Leave a reply