2025 ЖЫЛ – ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ

0
43
2025 жыл – елімізде Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Бұл бастаманың негізгі мақсаты – техникалық және жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы беделін арттыру, жастарды кәсіптік-техникалық білім алуға ынталандыру және еңбек нарығын білікті мамандармен қамтамасыз ету.
Қазіргі таңда елімізге дәнекерлеуші, электрик, механик, құрылысшы, технолог, аспаз, тігінші сынды практикалық дағдыларды меңгерген мамандар аса қажет. Сондықтан жұмысшы мамандықтарын таңдаған жастар – ел болашағын қалыптастыратын нағыз еңбек ерлері.
Жұмысшы мамандығы – бұл тек еңбек емес, шынайы өмірлік тәжірибе мен тұрақты табыстың негізі.
Жұмысшы мамандықтарын дәріптеу – қоғамның дамуы мен тұрақты экономикаға бастайтын жол. Еңбек адамы әрқашан құрметке лайық!
ЕҢБЕК – ЕЛДІҢ ТІРЕГІ, МАМАН – МЕМЛЕКЕТ БОЛАШАҒЫ!

Leave a reply