Saturday, November 23

Шымкент: Жол құрылысының сапасы бақылауда

0
112

Шымкентте дәл қазір құрылыс нысандарындағы жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Қала әкімі аппаратының басшысы Ғабит Мәуленқұлов бастаған арнайы топ бірқатар құрылыс нысандарына барып, жұмыс сапасын бақылап көрді.

Аппарат басшысы Әл-Фараби көшесі жалғасының құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Жол-құрылысының (А-2 жолынан М-32 жол айрығына дейін) ұзындығы – 7,6 шақырым, ені – 43 метр. Қазіргі уақытта Әл-Фараби көшесіне қосылатын учаскеде 900 метр жолдың жер жұмыстары атқарылуда.Жоба құрылысы 2017-2021 жылдар аралығына жоспарланған болатын. Мердігер- «Отау-Строй» ЖШС.

Қазіргі таңда 6,7 шақырым жол жамылғысы, ирригация жүйесі мен аяқжолдар салынды. Бүгінде 14 жер телімі құрылыс жұмыстарына кедергі келтіруде. Сол себепті жер телімін мемлекет мұқтаждығына қайтару жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Қала әкімі аппаратының басшысы Ғабит Мәуленқұлов бастаған арнайы топ барған нысанның бірі – «А-2» автомобиль жолын қайта құру жұмыстарының ІІ кезеңінің құрылыс жұмыстары. Бұл нысан 2020-2022 жылдар аралығына жоспарланған. А2 «Хоргос-Алматы-Шымкент» автожолының 2-ші кезеңі нысанының жалпы ұзындығы – 2,45 шақырым.

Қазіргі уақытта жолдың 900 метрден астам бөлігінің асфальт төсемі төселген және аяқжол орнату жұмыстары атқарылуда. Бүгінде жұмыстардың 30 %-ы аяқталған. Құрылысқа жауапты бас мердігер – «Отау-Строй» ЖШС-і.

Бүгінгі таңда 24 жер телімін қайтаруға қажеттілік туындауда. Жер телімдерін қайтару мәселесі шешілген жағдайда нысанды биыл аяқтау жоспарда.

Сондай-ақ, қалада жүргізіліп жатқан құрылыстың бірі – Шымкент-Ташкент бағытындағы Оңтүстік айналма жолы. Мерзімі 2021-2022 жылдарға жоспарланған.
Құрылыстың бас мердігері – «Корпорация Береке-А» ЖШС. Жол-құрылысының ұзындығы – 16 шақырым. Қазіргі таңда көпір өткелі құрылысы, жол жабынының жер жұмыстары атқарылуда.

Бекітілген өндірістік кестеге сәйкес, биыл жолайрық құрылысы, байланыс, электр, газ, сыртқы сумен қамту жүйелерінің орнын ауыстыру және жол-құрылысы жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бұл орайда жалпы 91 жер телімін мемлекет мұқтаждығына қайтару қажет.

Leave a reply