Тәжірибе алмасу – жаңа мүмкіндіктерге жол

2025 жылдың 18 қарашасында Кентау қалалық мансап орталығында еңбек саласындағы маңызды іс-шара өтті. Маңғыстау облысынан арнайы келген бірқатар мансап орталықтары мен еңбек мобильділігі қызметінің өкілдері Кентау мамандарымен тәжірибе алмасып, жұмыспен қамту жүйесін одан әрі жетілдіру бағытында бірлескен диалог жүргізді.
Іссапар аясында Кентауға келген делегация құрамында:
• «Маңғыстау облысының Еңбек мобильділігі орталығы» КММ
• Түпқараған аудандық мансап орталығы филиалы
• Қарақия аудандық орталығы филиалы
• Маңғыстау аудандық орталығы филиалының мамандары болды.
Кездесу барысында тараптар жұмыспен қамту саласындағы жаңа әдіс-тәсілдерді талқылап, тиімді қызмет көрсету форматын жетілдіруге бағытталған ұсыныстарымен бөлісті. Өңірлер арасындағы осындай диалог еңбек нарығындағы өзгерістер мен қажеттіліктерге дер кезінде бейімделуге, қызмет сапасын арттыруға жол ашады.
Тараптар халықты жұмысқа орналастырудың тиімді тетіктері, цифрлық сервистерді дамыту, әлеуметтік осал топтарды қолдаудың жаңа механизмдері бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар нәтижелі жұмыспен қамту бағытындағы жаңа жобалар мен инновациялық шешімдерді енгізу мәселесі қозғалды.
Мұндай ынтымақтастық өңірлер арасындағы өзара түсіністікті арттырып қана қоймай, кадрлық әлеуетті күшейтуге, қызмет сапасын жақсартуға және оң тәжірибені кеңінен таратуға үлкен мүмкіндік береді.
Кездесу нәтижесінде екі өңір мамандары алдағы уақытта да тәжірибе алмасуды тұрақты түрде жалғастыруға, жұмыспен қамту саласындағы тиімді бастамаларды бірлесіп жүзеге асыруға ниет білдірді. Жүргізілген диалог – халыққа көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға бағытталған нақты қадамдардың бірі.













