Шымкент қалалық өзбек драма театрының дарынды әртісі мәнерлеп оқу байқауында III орын алды

0
164

Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер жене құжаттама басқармасы мен Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы өзге ұлт өкілдері арасында Жамбыл жырларын мәнерлеп оқудан байқау ұйымдастырды.

Байқау ағымдағы жылдың 21 сәуірінде бастау алып, 28 мамыр күні мәресіне жетті. Байқау ережесіне сәйкес үміткерлер екі кезең бойынша, яғни Жамбыл жырларын қазақша мәнерлеп оқу және қазақтың халық әндерін немесе халық композиторларының әндерін нақышына келтіре орындап, бейнероликтер әзірлеп бақ сынады.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай қатысты.

Байқауға өтінім берген қатысушылардың өнерін Қазақстанның Құрметті журналисі Қалыбек Атжан, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, әдебиетші ғалым Сейсекүл Исматова, мәдениет қайраткері, әнші Оңал Азаматова бағалады.

Байқау нәтижесіне көре Шымкент қалалық өзбек драма театрының дарынды әртісі-Заббарханов Миркамол Мирқадирұлы байқауда қатысып жүлделі III орынды иеледі. Диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Leave a reply