ОРДАБАСЫ: ХАЛЫҚТЫҢ ТЕМІРЛАН ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕГІ КРЕДИТТІК ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ САТЫП АЛУ ТЕТІКТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін аудан әкімінің Азат Оралбаевтың төрағалығымен Темірлан елді мекенінде құрылысы жүргізіліп жатқан кредиттік тұрғын үйлерді іске қосу және оны сату тетіктерін талқылауға арналған жұмыс жиыны өтті.
Жиынға ауыл округтерінің әкімдері, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі, білім бөлімі, орталық аурухана, ішкі саясат, құрылыс және сәулет бөлімі басшылары, сондай-ақ «Отбасы банк» АҚ Түркістан облыстық филиалы директорының орынбасары қатысты.
Мәжілістің негізгі мақсаты – Темірлан аумағында салынып жатқан тұрғын үйлерді халыққа тиімді әрі қолжетімді түрде ұсыну, сондай-ақ кредиттік үйлерді сату тетіктерін түсіндіру және іске асыру жолдарын нақтылау.
Жиын барысында тиісті бөлім тарапынан «Батсу-Водоканал» ЖШС және «CK ABU GROUP» ЖШС тарапынан жүргізіліп жатқан 2 қабатты тұрғын үй құрылыстарының қазіргі жағдайы таныстырылды. Темірлан елді мекеніндегі 70 гектар алқапта 32 пәтерлік (2 қабатты) үйдің, 120 пәтерлік тұрғын үй блоктарының құрылысы жоспарға сай жүргізіліп жатқаны айтылды. Құрылыс нысандарында ішкі әрлеу, электр желілерін және ауыз су жүйесін тарту, сондай-ақ фасад жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Қазіргі уақытта 160-қа жуық жұмысшы мен 4 техника жұмылдырылған.
«Отбасы банк» өкілі жиналғандарға тұрғын үйді кредиттік негізде сату тетіктерін, қатысу шарттарын және мемлекеттік бағдарламалар туралы кеңінен ақпарат берді.
Жиын қорытындысында аудан басшысы Азат Оралбаев ауыл округі әкімдеріне және жауапты бөлімдерге тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту, кредиттік тұрғын үй бағдарламаларына қатысу тәртібін түсіндіру, кезекте тұрған азаматтардың қажетті мәліметтерін нақтылау, құрылыс барысын тұрақты бақылауда ұстау жөнінде тапсырмалар берді. Сондай-ақ Темірлан елді мекенінде тұрғын үйлер салу және оларды халыққа қолжетімді түрде ұсыну бағытында бірлескен іс-қимылдар жалғаса беретінін жеткізді.
КРЕДИТТІК ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ САТУ БОЙЫНША ҚЫСҚАША НҰСҚАУЛЫҚ
Темірлан елді мекенінде 2 қабатты жаңа тұрғын үйлер салынып жатыр.
Пәтерлер саны: 32 пәтер және 120 пәтерлі тұрғын блоктар.
Пәтер түрлері:
1 шаршы метрдің аудандар бойынша бағасы: 260 000 теңге.
Кредиттік сату құны: 208 000 теңге/м² (ескертпе).
Пәтерді сатып алу құқығы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға және Түркістан облысының кез келген азаматына беріледі.
(2025 жылы – 231 140 теңге)
Мерзімі: 20 жылға дейін
Табыс талабы: отбасы мүшесіне шаққандағы табыс
6 төменгі күнкөріс деңгейінен аспау керек
(2025 жылы – 277 368 теңге)
Сатылатын пәтер:












