Шымкентте саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша жұмыстар жалғасуда

0
127

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Тәуелсіздік бәрінен қымбат” атты мақаласы және онда берілген нақты тапсырмаларға сәйкес Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Шымкентте саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша комиссиясының жұмысшы топ мүшелері Түркістан облысы қоғамдық-саяси тарихының архив басшысы Гүлнар Шардарбекова, доктарант-тарихшы, ғалым Жаңабек Таштанов, тарихшы-ғалым Гүлнар Жанысбекова және “Рухани жаңғыру” бөлімінің меңгерушісі Зәуре Оралбаева “Түркістан өлкесіндегі саяси қуғын-сүргіннің сипаты мен ерекшеліктері” 1920-1935 жж. аралығы тақырыбында мағлұматтарды зерделеп, материал жинақтауда.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен (2020 жылғы 24 қарашадағы №456) Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылған болатын.

– Өткен жылы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын ақтау туралы комиссия құрылды. Комиссияның Шымкенттегі өкілдері бірқатар жұмыстар атқаруда. Олар Түркістан облысы мен Шымкент қаласының архивтеріндегі құжаттарды зерттеп жатыр. Онда қазір 538 іс қаралуда. Оның ішінде «Созақ көтерілісіне» қатысқандар, қуғынға ұшырағандар, тағы басқа да босқындар бар. Біз өз өңірімізде қуғынға ұшырағандарды тарихи тұрғысынан да, заңды түрде де толық ақтауымыз керек, – дейді М.Әуезов атындағы ОҚУ профессоры, Тарих ғылымдарының докторы Сейдехан Әлібек.

Айта кетейік, Шымкент қаласында құрылған комиссия құрамында 27 тарихшы бар. Олар – 1921-1954 жылдар аралығындағы тарихи оқиғаларды зерттеп жүрген арнайы мамандар. Зерттеу жұмыстарын жүргізуге жергілікті бюжеттен арнайы қаржы қаралған. Бұл ретте тарихшылардың Иранға, Өзбекстанға, Орталық Азия елдеріне іссапарлары жоспарланған.

Leave a reply