
Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіне қарасты Өнімкер, Ырысты және Қарақыр ауылдарында салынған жаңа медициналық нысандардың ашылу салтанатына аудан әкімі Бақыт Асанов қатысып, жергілікті тұрғындарды қуанышты сәтпен құттықтады. Аудан басшысы өз сөзінде ауыл халқының денсаулығын жақсарту – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі екенін атап өтіп, жаңа ФАП-тардың ел игілігі үшін ұзақ жылдар бойы қызмет ететініне сенім білдірді.