Шымкент: “Ән болып төгіл назды үнім” атты кітабының тұсаукесері өтті

0
108

Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында жазушы Бақтыгүл Ауданованың “Ай толғатып жатқанда” кітабының және сазгер Арайлым Саттарованың “Ән болып төгіл назды үнім” атты кітаптарының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Aptamedia.kz Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тұсаукесер кешіне Алматыдан ҚР-ның Мәдениет қайраткері Байғали Есеналиев, қазақ әдебиетінің маңдайына біткен жарық жұлдызы, ақын Төлеген Айбергеновтың қызы Салтанат Айбергенова, Әзірбайжан авторлар қоғамының төрағасы Исмаил Маматкаримов, сазгер Құралай Сәтмұхамбетова, ақын Гүлнәр Өмірбек, жазушы Момбек Әбдіәкімұлы, “Дүние таланттары” Одағының төрайымы Дана Дәулетова, “Шұғыла” газетінің директоры, журналист Базаркүл Қалбыр, журналист Ділдәгүл Нұрмаханбетова және Филармония әншісі Гүлмира Қабылбекова қатысты.

Тұсаукесер кешін журналист Фатима Жүнісова жүргізді. Кешті кітапхана қызметкерлері әдеби композициямен әрледі. Кештің бас кейіпкерлеріне Мақтаарал ауданының арнайы алғыс хатын Мақтаарал ауданының құрметті азаматы Алтынбек Асабаев табыстады. Оқырманға жол  артқан туындылар руханият игіліне айналары анық.

Leave a reply