«Қазақстан цифрлық ел болуды көздеп отыр. Бұл – еліміздің алдында тұрған стратегиялық мақсат.
Осы жыл Қазақстанда «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жарияланды.
Астанада
Alem.ai жасанды интеллект орталығы ашылды. Сондай-ақ біз екі суперкомпьютерді іске қостық. Келесі қадам – «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабын» құру.
Бұл жоба аймақ елдеріне жетекші технологиялық компаниялар мен жаһандық цифрлық капиталды тартуға зор мүмкіндік бермек.
Біз Қазақстанды аймақтық хаб ретінде дамыту үшін көші-қон үдерісін оңтайландыра бастадық.
Шетелден келген кәсіпкерлерге, инвесторларға, білікті мамандарға арналған «Алтын визаны» енгіздік. Мұндай виза алған адамдар мемлекеттік және қаржылық қызметтерге Қазақстан азаматтарымен тең дәрежеде қол жеткізе алады.
Мемлекет басшысының цифрлық трансформацияны жеделдету жөніндегі тапсырмалары аясында Түркістан облысында мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа көшіру, деректерді автоматтандыру және заманауи цифрлық шешімдерді енгізу бағытында нақты жұмыстар атқарылуда. Нәтижесінде тұрғындар көптеген мемлекеттік қызметтерді онлайн форматта алып, уақыт пен шығынды үнемдеуге мүмкіндік алды.
Өңірде «Smart City» қағидаттарын енгізу арқылы қалалық инфрақұрылымды басқарудың тиімділігі артып келеді. Бейнебақылау жүйелері, интеллектуалды көлік басқару шешімдері, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған цифрлық платформалар және коммуналдық қызметтерді автоматтандыру бағытындағы жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Бұл өз кезегінде тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға және қалалық ортаны қауіпсіз әрі қолайлы етуге мүмкіндік беруде.
Сонымен қатар елімізде Цифрлық кодекс қабылданды, Жасанды интеллект туралы заң күшіне енді.
Біз білім саласындағы цифрлық инфрақұрылымды дамыту және озық технологияны меңгерген педагогтерді даярлау мәселесіне, білім беру жүйесін әр оқушының қабілетіне сай бейімдеу, олардың дербес деректерін қорғау ісіне ерекше мән беріп отырмыз.
Осы мақсатпен мен жақында Жасанды интеллектіні орта білім беру жүйесіне енгізу туралы Жарлыққа қол қойдым. Бұл да Қазақстанның болашағы үшін жасалған өте маңызды қадам деп айтуға болады.
Алдағы уақытта еліміздің цифрлық даму бағдарын айқындайтын Digital Qazaqstan стратегиясы бекітіледі.
Таяуда Алматы қаласында Тұрақты дамуға ықпал ететін цифрлық шешімдер орталығы ашылды. Бұл бастама Біріккен Ұлттар Ұйымының аймақтық экономикалық және әлеуметтік комиссиясының қолдауымен жүзеге асырылады.
Қазақстанға тілектестік танытып, осы жобаның тең авторлары ретінде бұл жұмысқа мол үлес қосқандарыңыз үшін Сіздерге алғыс айтамын.
Сонымен қатар наурыз айында Түркі кеңесі сарапшыларының қатысуымен Шымкент қаласында «Жасанды интеллект және цифрлық даму» халықаралық конференциясы өтті. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев түркі елдерінің жасанды интеллект орталықтарының желісін құруды ұсынды
«Үшіншіден, білім-ғылым саласына қажетті мамандар даярлайтын оқу орталықтары мен ғылыми мекемелер керек.
Өзара тәжірибе алмасу, бірлесіп кадрлар даярлау және озық технологияларды енгізу өте маңызды. Сондықтан Түркі елдерінің жасанды интеллект орталықтарының желісін құруды ұсынамын. Біз Қазақстанда жаңа форматтағы технологиялық оқу орны – Жасанды интеллект университетін ашуды жоспарлап отырмыз. Жоғары оқу орнында түркі мемлекеттерінің азаматтарын оқыту үшін арнайы гранттар бөлуге дайынбыз.
Бағдарламалау, жасанды интеллект және озық цифрлық технология салалары бойынша түркі елдерінің жастары арасында жыл сайын ғылыми-технологиялық олимпиада ұйымдастырған жөн деп санаймыз. Бұл бастамаларды жүзеге асыру үшін Түркі инвестициялық қоры тарапынан қаржылай көмек көрсетуге болар еді. Биыл Қор нақты жобалар бойынша жұмыс істеу тәсіліне көшті. Жарғылық капиталы 600 миллион долларға жетті. Оны ұлғайтуға болады. Бұл – айрықша мәні бар стратегиялық ресурс. Сол себепті Қор барлық стартапқа қолдау көрсетіп, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға белсене атсалысады деп сенеміз. Қор толыққанды қызмет көрсетуге тиіс. Мүше мемлекеттерді осы міндетті жедел жүзеге асыруға шақырамын». Қасым-Жомарт Тоқаев: «Төртінші мәселе. Қазір әрбір елде IT-жобаларға арналған технопарктер бар. Мен Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің IT хабтарының бірлескен орталығын ашуды ұсынамын.
Орталыққа «Turkic ai» атауын беріп, оны
Alem.ai орталығында орналастыруға болады. Бірлескен хаб ортақ мүдделерімізді ілгерілетуге ықпал етері сөзсіз».
Бұл іс-шара елдеріміздің осы саладағы ынтымақтастығы мен мүдделестігін айқын көрсетті».
Жалпы Цифрландыру мен инновациялық технологияларды дамыту өңірдің инвестициялық әлеуетіне де оң әсерін тигізуде. Ақпараттық технологиялар саласына қызығушылық танытқан отандық және шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдай қалыптасып, жаңа цифрлық жобаларды іске асыруға мүмкіндік жасалуда. Бұл өз кезегінде жоғары технологиялық жұмыс орындарын құруға және жастардың заманауи мамандықтарға бейімделуіне жол ашуда.