
Сайрам ауданында тұрғындардың сұранысына сәйкес заманауи ойын-сауық кешенінің құрылысы басталмақ.
Әлеуметтік желілерде аудан тұрғындары тарапынан кинотеатрдың қажеттілігі жөнінде көптеген ұсыныстар мен пікірлер айтылып келген болатын. Тұрғындардың бұл өтініші назарға алынып, Сайрам ауданының әкімі Мадияр Оразалиевтің тапсырмасымен инвесторлар тартылып, жаңа нысанның құрылысы қолға алынуда. Жоба құны — 2,5 млрд.
Төрт қабаттан тұратын ойын-сауық кешенінде заманауи кинотеатр, балаларға арналған ойын алаңшалары, фуд-корт аймағы және сауда орындары орналастырылады. Ойын-сауық кешені Әйтеке би ауылы, ХҚКО маңында бой көтереді.













