
Өңірде кәсіпкерлікті дамыту мақсатында мемлекеттік қолдау құралдары кеңінен қолданылуда. Атап айтқанда, жеңілдетілген несиелеу, субсидиялау, кепілдендіру және гранттық қаржыландыру тетіктері арқылы кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасалуда. Бұл өз кезегінде жаңа бизнес бастамалардың көбеюіне, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың кеңеюіне және өндіріс көлемінің артуына ықпал етуде.

Сонымен қатар Түркістан облысында индустриалды аймақтар мен шағын өндірістік парктердің дамуы кәсіпкерлік саланың қарқынды өркендеуіне жол ашып отыр. Бұл өндірістік алаңдарда кәсіпкерлерге дайын инфрақұрылым ұсынылып, жаңа жобаларды қысқа мерзімде іске асыруға мүмкіндік берілуде. Нәтижесінде құрылыс материалдары, жиһаз өндірісі, тамақ өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп және машина жасау бағыттарында жаңа кәсіпорындар ашылуда.
Жалпы Түркістан облысы шетелдік компаниялармен екіжақты келіссөздер жүргізу және инвестициялық әріптестікті дамыту бағытында жүйелі жұмыстар атқарып келеді. Бұл бастамалар өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға, жаңа өндіріс орындарын ашуға және экономиканың түрлі салаларына заманауи технологияларды тартуға бағытталған. Соңғы жылдары Түркістан облысы халықаралық инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударып отыр. Өңірге шетелдік инвесторлар тарту мақсатында бірқатар елдердің іскер топтарымен кездесулер өткізіліп, агроөнеркәсіп, өнеркәсіп, құрылыс, туризм, логистика және жаңартылатын энергия көздері салаларындағы инвестициялық мүмкіндіктер таныстырылуда. Осы тұста Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Ташкент облысындағы озық өнеркәсіптік және туристік жобалармен танысты. Өзбекстан Республикасына жасаған жұмыс сапары аясында
Делегация танысқан табиғат аясында орналасқан туристік кешенде өңірдің табиғи әлеуетін тиімді пайдалану және заманауи туристік инфрақұрылымды дамыту жолға қойылған. Бұдан кейін делегация Алмалық қаласындағы Мыс байыту фабрикасында болды. Кәсіпорын басшылығы минералдық ресурстарды өңдеу тиімділігін арттыруға және елдің экспорттық әлеуетін кеңейтуге бағытталған өндірісті жаңғыртудың ауқымды бағдарламасын таныстырды. Ахангарон ауданында облыс әкімі заманауи климаттық техника өндіруге маманданған Premier Electrotech бірлескен кәсіпорнында болды. Қонақтарға зауыттың өндірістік қуаты, технологиялық үдерістері және халықаралық талаптарға сай енгізілген сапа стандарттары таныстырылды.
Сапар барысында электротехника өнеркәсібі саласындағы ірі өндірістік кластерлердің бірі саналатын Eltech Industrial технопаркінің қызметіне ерекше назар аударылды. Технопарк индустрияландыру саясатын жүзеге асыруда, өндірісті жергіліктендіруде және мыс пен сирек жер металдарын терең өңдеуде маңызды рөл атқарып, жоғары қосылған құны бар өнім өндіруге ықпал етуде. Технопарк аумағында делегация жартылай өткізгіш технологиялар саласындағы жобаның жұмысымен танысты. Кәсіпорын SIM-карталарға, банк карталарына, электрондық жеке куәліктерге, әлеуметтік және көлік карталарына арналған микропроцессорлық чиптер мен модульдер өндіруге маманданған. Сапар қорытындысы бойынша Түркістан облысының әкімі Өзбекстандағы өнеркәсіптік инфрақұрылымның жоғары деңгейде дамығанын, ірі инвестициялық жобалардың жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқанын және өндірістік үдерістерге заманауи технологиялардың тиімді енгізіліп отырғанын атап өтті. Кездесулер барысында тараптар өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту, сауда-экономикалық байланыстарды дамыту, бірлескен инвестициялық бастамаларды жүзеге асыру және өнеркәсіп, туризм мен инновациялық даму салаларындағы үздік тәжірибелермен алмасу мәселелерін талқылады. Жұмыс сапары өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға және бауырлас екі мемлекеттің экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған өңірлер арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтудың кезекті қадамы болды.
Екіжақты келіссөздер барысында шетелдік компаниялар өкілдері Түркістан облысының географиялық тиімді орналасуы, еңбек ресурстарының қолжетімділігі, индустриалды аймақтардың дамуы және мемлекеттік қолдау шараларымен танысуда. Бұл факторлар өңірді инвесторлар үшін тартымды аймақ ретінде қалыптастыруға ықпал етуде.
Облыста шетелдік инвестициялардың қатысуымен бірқатар жобалар іске асырылуда. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, құрылыс материалдарын шығару, жеңіл өнеркәсіп және өндірістік инфрақұрылымды дамыту бағыттарында жаңа кәсіпорындар ашылып, өндіріс көлемі артуда. Бұл өз кезегінде жаңа жұмыс орындарының құрылуына және жергілікті экономиканың әртараптануына жол ашуда.
Инвестициялық ынтымақтастықты дамытуда индустриалды аймақтар мен шағын өндірістік парктердің рөлі ерекше. Бұл алаңдар шетелдік инвесторлар үшін дайын инфрақұрылым ұсынып, жобаларды қысқа мерзімде іске асыруға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде бірқатар халықаралық компаниялар өңірде өндірістік жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытып отыр. Түркістан облысы мен шетелдік серіктестер арасындағы келіссөздер нәтижесінде жаңа инвестициялық жобалар пакеті қалыптасып, алдағы уақытта оларды кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл өңірдің экспорттық әлеуетін арттырып, халықаралық нарықтағы орнын нығайтуға ықпал етеді.













