ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚТАР САНЫ КӨБЕЙІП, ӨНДІРІСТІК ӘЛЕУЕТ КҮШЕЙІП КЕЛЕДІ

0
24

Түркістан облысы аумағында индустриялық инфрақұрылымды дамыту және өндірістік секторды кеңейту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде облыс аумағында 21 индустриялық аймақ жұмыс істеп, өңірдің экономикалық дамуына және инвестициялық тартымдылығын арттыруға елеулі үлес қосып отыр. Бұл индустриялық аймақтар кәсіпкерлер үшін қолайлы өндірістік алаң ретінде қалыптасып, жаңа жобаларды іске асыруға мүмкіндік беруде. Мұнда қажетті инженерлік инфрақұрылым – электр энергиясы, су, газ, жол және байланыс желілері толық қамтамасыз етілген. Соның нәтижесінде кәсіпкерлер өндірісті қысқа мерзімде бастап, жобаларын жылдам жүзеге асыруға мүмкіндік алуда.

Индустриялық аймақтардың дамуы өңірде жаңа өндіріс орындарының ашылуына жол ашып, құрылыс материалдарын өндіру, жиһаз жасау, тамақ өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу салаларында бірқатар жобалардың іске асырылуына ықпал етуде. Бұл өз кезегінде ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз ету деңгейін арттырып отыр. Сонымен қатар индустриялық аймақтардың тиімді жұмыс істеуі жаңа жұмыс орындарының құрылуына және халықты жұмыспен қамту деңгейінің өсуіне оң әсерін тигізуде. Әсіресе шағын және орта бизнес субъектілері үшін бұл аймақтар өндірісті кеңейтуге және тұрақты дамуға мүмкіндік беретін маңызды алаңға айналуда.

Облыста индустриялық аймақтарды дамыту инвестициялық саясатпен тығыз байланыста жүзеге асырылуда. Отандық және шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасалып, жаңа жобаларды тарту жұмыстары белсенді жүргізілуде. Бұл өңірдің экономикалық құрылымын әртараптандыруға және өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға ықпал етуде.

Өңірде 21 индустриялық аймақтың жұмыс істеуі өңірдің өндірістік қуатының артып келе жатқанын көрсетеді. Алдағы уақытта бұл аймақтардың инфрақұрылымын одан әрі дамыту, жаңа инвестициялық жобаларды тарту және өндіріс көлемін ұлғайту бағытындағы жұмыстар жалғасын табады.

Сонымен қатар инвесторлар үшін жеңілдетілген шарттармен өндірістік алаңдар ұсынылатын шағын өнеркәсіптік парктер дамытылуда. Арнайы экономикалық аймақ «TURKISTAN» аясында 35 басым бағыт бойынша жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік қарастырылған. Резиденттер салықтық және кедендік жеңілдіктерге ие. Тараптар ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге өзара мүдделілік білдіріп, нақты инвестициялық жобаларды бірлесіп пысықтауға уағдаласты. Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы жоғары деңгейдегі сенім мен стратегиялық серіктестік өңірлік экономикалық интеграцияны тереңдетуге және жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасап отыр.
Yunnan Construction Investment Group (YCIH) – Қытайдың ірі мемлекеттік құрылыс және инфрақұрылым холдингі. Бұл компания Қазақстандағы Астана LRT (Light Rail Transit) жобасына қатысқан негізгі қытай мердігерлерінің бірі болып табылады. Мемлекеттік холдинг (SOE) Қытайдағы ең ірі құрылыс топтарының қатарына кіреді және «Бір белдеу – бір жол» (Belt and Road Initiative) жобаларына белсенді қатысады.  Түркістан облысында кәсіпкерлік сектор өңір экономикасының негізгі қозғаушы күштерінің біріне айналып отыр. Бүгінде облыс аумағында 218 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі тұрақты жұмыс істеп, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосуда.

Шағын және орта бизнес субъектілерінің белсенді дамуы өңірде жаңа жұмыс орындарының ашылуына, халықтың табыс деңгейінің артуына және ішкі нарықтың тұрақтануына ықпал етуде. Кәсіпкерлік негізінен сауда, қызмет көрсету, ауыл шаруашылығы, құрылыс және өңдеу өнеркәсібі салаларында шоғырланған. Сонымен қатар Түркістан облысында шетелдік инвестициялардың қатысуымен жұмыс істейтін 300-ден астам кәсіпорын қызмет атқаруда. Бұл кәсіпорындар өңір экономикасына заманауи технологияларды енгізуге, өндірістік қуатты арттыруға және экспорттық әлеуетті кеңейтуге мүмкіндік беріп отыр. Шетелдік қатысуы бар кәсіпорындардың басым бөлігі агроөнеркәсіп кешені, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс индустриясы және логистика салаларында жұмыс істейді. Бұл өз кезегінде Түркістан облысының инвестициялық тартымдылығын арттырып, халықаралық әріптестікті нығайтуға жол ашуда. Өңірде кәсіпкерлікті қолдау мақсатында мемлекеттік бағдарламалар жүйелі түрде іске асырылып, кәсіпкерлерге жеңілдетілген қаржыландыру, инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және әкімшілік рәсімдерді оңтайландыру бағытында нақты қолдау көрсетілуде. Бұл шаралар жаңа бизнес бастамалардың көбеюіне және өндіріс көлемінің ұлғаюына ықпал етуде.

Түркістан облысында 218 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі мен 300-ден астам шетелдік қатысуы бар кәсіпорындардың қызмет етуі өңірдің экономикалық әлеуетінің жоғары екенін көрсетеді. Алдағы уақытта кәсіпкерлік саласын одан әрі дамыту, инвестиция тарту және өндірістік жобаларды кеңейту бағытындағы жұмыстар жалғасын табады. Өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру, тікелей шетелдік инвестицияларды тарту, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, заманауи технологияларды енгізу және туризм саласын ілгерілету бағыттарына ерекше назар аударылуда. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.

Leave a reply