ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА IT-СТАРТАПТАР МЕН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

0
28

Түркістан облысында жасанды интеллект (AI) технологияларын енгізу және озық цифрлық шешімдерді дамыту бағытында жүйелі жұмыстар қолға алынуда. Бұл бағыт өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жаңа деңгейге көтеруге, мемлекеттік басқаруды жетілдіруге және түрлі салалардағы процестерді автоматтандыруға мүмкіндік беретін маңызды басымдықтардың бірі болып отыр.

Қазіргі таңда жасанды интеллект технологиялары білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, қауіпсіздік және мемлекеттік қызмет көрсету салаларына кезең-кезеңімен енгізілуде. Бұл шешімдер деректерді жылдам талдауға, шешім қабылдау сапасын арттыруға және адам факторын азайтуға бағытталған.

Түркістанда өткен саммитте мемлекет басшысы Жасанды интеллект негізінде түркі халықтарының тарихы мен мәдениетіне қатысты материалдарды жинақтайтын арнайы цифрлық платформа құру жөніндегі жұмысты жандандыру қажеттігін атап өткен-ді.

«Жасанды интеллект пен озық технология дәуірінде рухани және мәдени құндылықтарды назардан тыс қалдырмау қажет»

«Түркі өркениетінің мол мұрасын сақтау және оны зерделеу – тарихи жадыны жаңғырту мәселесі ғана емес. Бұл – біздің бірегей болмысымызды, бірлігімізді және ынтымақтастығымызды көрсететін маңызды фактор. Осы орайда мен Түркі өркениетінің мұрасын сақтау жөніндегі конвенция жобасын пысықтау туралы ұсынысты қолдауға шақырамын. Бұл құжат түркі халықтарының тарихи-мәдени мұрасын сақтау және дәріптеу ісіне құқықтық негіз болады. Сондай-ақ ЮНЕСКО-ның осы саладағы қызмет аясын кеңейте түсуге ықпал етеді». Қасым-Жомарт Тоқаев: «Алтыншы мәселе. Жасанды интеллект негізінде түркі халықтарының тарихы мен мәдениетіне қатысты материалдарды жинақтайтын арнайы цифрлық платформа құру жөніндегі жұмысты жандандыру қажет. Бұл жоба көптілді форматта жасалуға тиіс. Сонда кез келген адам онлайн режимде түркі өркениетінің мол мұрасымен танысып, оны зерделей алады. Қазақстан бұл бастамалар бойынша жан-жақты цифрлық шешімдер ұсынуға дайын»,- деді ол.

Білім беру саласында AI негізіндегі цифрлық платформалар мен интеллектуалды жүйелерді қолдану кеңейіп келеді. Оқушылардың білім деңгейін талдайтын, жеке оқу траекториясын ұсынатын және онлайн білім беру процесін жетілдіретін жүйелер енгізілуде. Сонымен қатар робототехника, бағдарламалау және жасанды интеллект негіздері бойынша үйірмелер мен арнайы сыныптар ашылып, жас ұрпақтың технологиялық қабілетін дамытуға жағдай жасалуда.

Денсаулық сақтау саласында жасанды интеллект дәрігерлерге диагноз қоюды жеңілдету, медициналық деректерді талдау және пациенттерге жедел қызмет көрсету үшін қолданылуда. Мысалы, медициналық бейнелерді талдайтын жүйелер ауруларды ерте анықтауға көмектесіп, емдеу тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Ауыл шаруашылығы бағытында да озық технологиялар кеңінен енгізілуде. Дрондар, спутниктік мониторинг және AI негізіндегі талдау жүйелері арқылы егістік алқаптардың жағдайы бақыланып, суару, тыңайтқыш енгізу және өнімділік болжамдары жасалуда. Бұл фермерлерге нақты деректерге сүйене отырып шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік басқару саласында да жасанды интеллекттің рөлі артып келеді. Азаматтардың өтініштерін автоматты түрде сұрыптау, қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және деректерді талдау арқылы басқарушылық шешімдер қабылдау жүйелері жетілдірілуде. Бұл мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырып, ашықтықты қамтамасыз етеді.

Қауіпсіздік саласында бейнебақылау жүйелеріне енгізілген интеллектуалды алгоритмдер қоғамдық тәртіпті бақылауға, күдікті жағдайларды анықтауға және жедел әрекет етуге мүмкіндік беріп отыр. Бұл «ақылды қала» тұжырымдамасын дамытуға негіз болады.

Сонымен қатар Түркістан облысында IT-стартаптар мен инновациялық жобаларды қолдау бағытында да жұмыстар жүргізілуде. Жастардың технологиялық идеяларын дамытуға арналған хакатондар, байқаулар және оқыту бағдарламалары ұйымдастырылып, жаңа цифрлық жобалардың пайда болуына жағдай жасалуда. IT-стартаптар мен инновациялық жобаларды дамыту және қолдау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл бастамалар өңір жастарының цифрлық технологияларға деген қызығушылығын арттыруға, жаңа идеяларды жүзеге асыруға және инновациялық экожүйені қалыптастыруға бағытталған.

Өңірде жастардың технологиялық қабілеттерін дамыту мақсатында түрлі хакатондар, стартап байқаулары және инновациялық форумдар тұрақты түрде ұйымдастырылуда. Бұл іс-шаралар жас бағдарламашыларға, инженерлерге және ІТ саласына қызығушылығы бар жастарға өз жобаларын таныстыруға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар арнайы оқыту бағдарламалары мен ІТ курстар іске асырылуда. Бұл курстар бағдарламалау негіздері, жасанды интеллект, деректерді талдау, веб және мобильді қосымшалар әзірлеу сияқты бағыттарды қамтиды. Нәтижесінде жастардың цифрлық сауаттылығы артып, жаңа стартап идеяларын іске асыруға жол ашылуда.

Өңірде инновациялық жобаларды қолдау үшін түрлі даму алаңдары мен кәсіпкерлік орталықтары құрылуда. Бұл орталықтар стартаптарға менторлық қолдау көрсетіп, инвестиция тарту және жобаларды дамыту мүмкіндіктерін ұсынады. Сонымен қатар бизнес-инкубация және акселерация бағдарламалары арқылы жобалардың нарыққа шығуына жағдай жасалуда.

IT-стартаптардың дамуы цифрлық экономиканың қалыптасуына және жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етуде. Жастардың бастамалары ауыл шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау және қызмет көрсету салаларында да инновациялық шешімдер ұсынуда.

Өңірде  IT-стартаптар мен инновациялық жобаларды қолдау өңірдің цифрлық дамуын жеделдетіп, жастардың шығармашылық әлеуетін арттыруға және жаңа технологиялық экожүйені қалыптастыруға мүмкіндік беріп отыр.

 

Leave a reply