
Өңір басшысы Қытай елінің өкілдерімен өңіраралық ынтымақтастықты дамыту бағытындағы, «Бір белдеу, бір жол» халықаралық жобасы аясында бірлескен ірі инвестициялық жобаларды іске асыру, өндірістік ынтымақтастықты кеңейту және өзара тиімді әріптестікті дамытуға бағытталған өнеркәсіп, туризм, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым және көлік салаларындағы бірлескен жаңа жобаларды талқылады. Қол жеткізілген келісімдер өңірге тікелей инвестициялар тарту, инвестициялық әріптестікті нығайтвп, заманауи өндірістер ашуға және Түркістан облысының экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталды. Кездесуге қатысқан компаниялар Түркістан облысында жүзеге асыруды жоспарлап отырған инвестициялық жобаларын таныстырды. Әрбір ұсыныс мұқият қаралып, өзара тиімді ынтымақтастық орнату мүмкіндіктері жан-жақты талқыланды.