
Түркістан облысының ыстық климаттық жағдайын ескере отырып, жоба аясында төзімді және ұзақ гүлдейтін өсімдіктерге басымдық беріледі. Олардың қатарында барқытгүл, петуния, сальвия, цинния, портулак, газания, лаванда, ирис, лилейник, эхинацея және декоративті шөптер бар. Бұл өсімдіктердің негізгі артықшылықтары — жоғары бейімделгіштік, ұзақ гүлдеу кезеңі және қалалық ортада тұрақты эстетикалық әсер беруі.