
Бүгінде Қазақстан экономикасына тартылған инвестиция көлемі бойынша Қытай көшбасшы үштікке кіретін елдердің қатарында. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 48,7 млрд АҚШ долларын құрап, оның ішінде экспорт – 19 млрд, импорт – 29,7 млрд АҚШ долларына жетті. Түркістан облысының осы көрсеткіштегі үлесі 684,3 млн АҚШ долларын құрады (экспорт – 102 млн, импорт – 582,3 млн).