ТҮРКІСТАНДА ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ӨҢІР ДАМУЫ ЖЕДЕЛДЕУДЕ

0
24

Бүгінде өңірде инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде. Индустриалды аймақтар мен шағын өндірістік парктерде жоғары технологияларға негізделген кәсіпорындар іске қосылып, өндіріс үдерістерін автоматтандыру және цифрландыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл өз кезегінде еңбек өнімділігін арттырып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік береді. Инновациялық инфрақұрылымды дамыту инвестициялық белсенділіктің артуымен де тікелей байланысты. Өңірде отандық және шетелдік инвесторлардың қатысуымен өндірістік және технологиялық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Индустриялық аймақтар, арнайы экономикалық аймақтар және шағын өндірістік парктер жаңа өндірістердің ашылуына, технологиялардың трансфертіне және инновациялық шешімдердің енгізілуіне жол ашуда. Түркістан облысында инновациялық даму бағытындағы жұмыстар өңірдің әлеуметтік-экономикалық өркендеуінің негізгі драйверіне айналып отыр. Заманауи технологияларды енгізу, цифрлық шешімдерді кеңінен қолдану және жаңа өндірістік бағыттарды дамыту арқылы облыстың барлық салаларында жаңғыру үдерісі қарқынды жүріп келеді.

Ауыл шаруашылығы саласында да инновациялық тәсілдер кеңінен енгізілуде. Дрондар арқылы егістік алқаптарды бақылау, спутниктік мониторинг жүйелерін пайдалану, тамшылатып суару технологияларын қолдану және цифрлық агроплатформаларды дамыту арқылы аграрлық сектордың тиімділігі артуда. Бұл ауыл шаруашылығын ғылым мен технологияға негізделген жаңа деңгейге көтеруде.

Энергетика саласында жаңартылатын энергия көздерін дамыту бағытында да маңызды жобалар жүзеге асырылуда. Күн және жел электр станцияларын салу, энергия үнемдеу технологияларын енгізу және электр желілерін жаңғырту арқылы өңірдің энергетикалық тұрақтылығы қамтамасыз етілуде.

Цифрландыру саласында мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа көшіру, интернет инфрақұрылымын кеңейту және цифрлық сервистерді дамыту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл халыққа қызмет көрсету сапасын арттырып, уақыт пен ресурсты үнемдеуге жағдай жасайды.

Сонымен қатар, инвестициялық және кәсіпкерлік ортада да инновациялық шешімдер кеңінен қолданылуда. Инвесторлармен жұмыс жүргізу процестері цифрландырылып, бизнеске қолдау көрсету тетіктері жеңілдетілуде. Бұл өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға ықпал етеді.

Білім беру және кадр даярлау саласында ІТ бағытындағы білім беру бағдарламалары кеңейтіліп, инновациялық орталықтар мен цифрлық зертханалар ашылуда. Бұл жастардың заманауи технологияларды меңгеруіне және болашақта бәсекеге қабілетті маман болуына жол ашады.

Жалпы алғанда, Түркістан облысында инновациялық даму өңірдің барлық салаларын қамтыған кешенді процесс ретінде жүзеге асырылуда. Бұл бағыттағы жұмыстар облыстың экономикалық қуатын арттырып қана қоймай, тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға және тұрақты дамуға негіз болып отыр.

Түркістан облысында өндіріс пен инновацияны ұштастыру бағытында жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Өңдеу өнеркәсібі, құрылыс материалдарын шығару, жиһаз өндірісі, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, тамақ өнеркәсібі және машина жасау салаларында заманауи технологиялар енгізілген кәсіпорындар іске қосылуда. Бұл кәсіпорындар өңірдің өндірістік әлеуетін арттырып, экономиканың әртараптануына ықпал етуде.

Өңірде ЖИ саласына ерекше назар аударылуда. Осыған дейін киелі мекенде өткен саммитте Ел президенті еліміздің цифрландыру және ЖИ саласының стратегиялық бағдарын ерекше атап өткен болатын.

«Қазір бүкіл әлем бұрын-соңды болмаған өзгерістермен бетпе-бет келді. Жаңа сын-қатерлер пайда болды. Дүние жүзінде технологиялық бәсеке күшейді, яғни, инновациялық тұрғыдан озық ел болу мақсаты алдыңғы қатарға шықты. Технологиялық даму кез келген мемлекеттегі тұрақтылық пен қауіпсіздік факторына айналды. Бұл – цифрлық трансформацияға дер кезінде бет бұрған елдер көш соңында қалмайды деген сөз.
Сондықтан Түркі кеңесіне мүше мемлекеттер технологиялық жаңғыру үдерісінен тыс қалмауы үшін бірлесе жұмыс істеуі керек деп санаймыз. Жасанды интеллект пен цифрландыру үдерісі түркі әлемінің дамуына жол ашуға тиіс», — деді мемлекет басшысы.

Инновациялық инфрақұрылымды дамыту аясында цифрлық технологияларды енгізу жұмыстары да қарқын алған. Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, деректерді цифрлық өңдеу, электронды қызмет көрсету жүйелерін жетілдіру және «ақылды қала» жобаларын жүзеге асыру бағытында нақты жұмыстар атқарылуда. Түркістан қаласында қоғамдық қауіпсіздік, көлік қозғалысын басқару және коммуналдық қызметтерді бақылау бойынша цифрлық жүйелер кезең-кезеңімен енгізілуде.

Өңірдің агроөнеркәсіптік кешенінде де инновациялық шешімдер кеңінен қолданылып келеді. Заманауи жылыжай кешендері, тамшылатып суару технологиялары, цифрлық мониторинг жүйелері және агротехнологиялық инновациялар ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беруде. Әсіресе Келес, Сарыағаш, Мақтаарал және Жетісай аудандарында жүзеге асырылып жатқан агроөнеркәсіптік жобалар инновациялық инфрақұрылымның дамуына оң әсерін тигізуде.

Leave a reply