Шымкент: Ауызсумен қамту көрсеткішін 98 %-ға жеткізу жоспарлануда

0
108
Шымкент қаласының Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Булатбеков қала әкімдігінің «Instagram» парақшасында өткен тікелей эфирде тұрғындар сауалына жауап берді.
Тікелей эфирде қаланы инженерлік инфрақұрылыммен қамту жұмыстарының барысын баяндады. 2021 жылы қаланы осы бағытта қамтамасыз ету бойынша 85 жобаға қаржы бөлінді.
Басқарма басшысының айтуынша, өткен жылы 19 нысанның (17 елдімекенде) және 2 магистралды суаққының құрылысы аяқталып, 34 мыңға жуық адам (12500 абонент) сапалы ауыз сумен қамтылды.
2021 жылы 3 магистралды суаққының және 9 елдімекендегі (Ынтымақ-2, Асар-2, Батыс, Тұран, Солтүстік Саяжай, Жаңаталап, Нұртас, Сәуле 276 орам, Ақтас шағынауданы) ауызсу нысандарының құрылыс жұмыстарын аяқтап, ауызсумен қамтамасыз ету көрсеткішін 98 %-ға жеткізу жоспарлануда.
– Қазіргі таңда қалада 81 елдімекеннің 18-і (559,5 мың адам) кәріз жүйесімен қамтамасыз етілген. 19 нысанның құрылыс жұмыстары басталды. Биыл 4 елдімекеннің және 1 магистралды кәріз коллекторының құрылысы аяқталады. 81 елдімекеннің 65-і сапалы электрмен қамтылса, 16 елдімекенде электр қуаты сапасыз болып тұр. Биыл 3 қосалқы стансаның және 7 елдімекенде құрылыс жұмыстары аяқталады. 20 мыңға жуық адам сапалы электр қуатымен қамтылады, – деді басқарма басшысы.
Басқарма басшысы Ынтымақ, Достық, Қайнарбұлақ, Шымсити шағынауданы тұрғындарының ауыз су, жарық және табиғи газ бойынша қойылған сауалдарына жауап берді. Жалпы тікелей эфирге 800-ден астам қала тұрғыны қосылды.

Leave a reply