Шымкент: мемлекеттік бағдарламамен қоғамдық жұмысқа жолданғандардың қатары артқан
Шымкент қаласында азаматтарды жұмыспен қамту – басым бағыттардың бірі. Бұл ретте мемлекеттік бағдарламаның тиімділігі мол.
Қоғамдық жұмыстарға қатысуға мүмкіндігі бар азаматтар – жұмыссыздар⠀(халықты жұмыспен қамту орталығында алты айдан астам есепте тұрған, жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем алмайтын жұмыссыздар),⠀денсаулыққа зиян келтірмейтін және оқу үдерісін бұзбайтын жұмыстарда жазғы демалыс кезеңінде студенттердің және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары,⠀жұмыстың тоқтап тұруына байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген азаматтар.
Уақытша жұмыс орны болып есептелінетін «Қоғамдық жұмыс» –жұмыскерді алдын-ала кәсіптік даярлауды талап етпейді және әлеуметтік бағытқа ие.
Айта кетсек, биыл қоғамдық жұмыспен 2 805 адам түрлі мекемелер мен кәсіпорындарға жолданды. Жоспар артығымен орындалып, уақытша жұмысқа жолдама беру әзірге тоқтатылған.
Жалпы Шымкент қаласында биыл мемлекеттік бағдарламалардың аясында жалпы 33 мыңнан астам адамды, оның ішінде «Жұмыспен қамту жол картасы» шеңберінде 1,5 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр.