Шымкентте БАҚ өкілдерінің арасында дәстүрлі спартакиада басталды

0
112
Шымкент қаласында 28 маусым – Бұқаралық ақпарат қызметкерлерінің күніне орай дәстүрлі Спартакиада “Аламан” спорт кешенінде басталды. Спорттық шара Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай, Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының қолдауымен ұйымдастырылуда.
Спартакиада шағын футбол, волейбол, арқан тарту, шахмат, боулинг, бильярд және үстел теннисі түрлері. Шымкент қаласында 28 маусым – Бұқаралық ақпарат қызметкерлерінің күніне орай дәстүрлі Спартакиада “Аламан” спорт кешенінде басталды. Спорттық шара Ел Тәуелсіздігінің мерейтойына орай өтеді.
Спартакиада жалауы көтерілген күні спорттың  шағын футбол түрінен барлығы 6 команда қатысып, тартысты ойын болды.
Нәтижесінде жүлделі  1-орын “Ernur-press” ЖШС,  2-орын “Үшінші мегаполис”,  3-орын “Собкор” ЖШС (Отырар ТВ) иеленді.
Бұдан өзге үздік қақпашы, үздік шабуылшы, үздік қорғаушы номинациялары анықталды. Спартакиада ойындарының қорытындысы жалпы командалық есебімен ұпай саны бойынша  және арнайы дипломдармен 26 маусым күні салтанатты іс шарада марапатталатын болады, деп хабарлайды Infonews  Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Leave a reply