Шымкентте биыл 101 спорт алаңы салынады

0
120

Үшінші мегаполисте аулаішілік спорт алаңдарының саны артып келеді. Қала күнінде жеке кәсіпкер Серік Тульбасовтың қоры Әл-Фараби ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің ауласына екі спорт алаңшасын салып берді. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары М.Исахов фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасына жазды.

«Қаламызда балалардың бос уақытын тиімді өткізу, жаппай спортты дамыту мақсатында көптеген жаңа нысандар пайдалануға берілуде. Қала әкімінің бастамасымен қолға алынған жоба аясында осымен 6 спорт алаңшасы ашылып отыр.Осыған дейін Әл-Фараби және Абай аудандарында салынған болатын. Жобаның ерекшелігі алаңшаларды демеушілер салып, тұрғындар өздері қалағанынша пайдаланып, жауапкершілігіне алады. Әрбір нысанның үлкен спорт алаңы, жасанды жабыны, жарықтандыруы және жоғары қоршауы бар. Онда балаларға баскетбол, волейбол, футбол, теннис ойнауға барлық жағдай жасалған. Жалпы Шымкент қаласында аулаішілік 231 спорт алаңшасы болса, биыл 101 спорт алаңын салу жоспарланып отыр», – делінген жазбада.

Айта кетейік, шаһарда Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасына» сәйкес, халықты дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылдануға тартуды 35%-ға дейін жеткізу көзделген. Сала мамандарының айтуынша, биыл бұл көрсеткіш 31 пайызды құрап отыр.

Leave a reply