Шымкентте 412 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған

0
116

Шымкентте жұмыссыздық деңгейі төмендеген. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының»аясында 412 мыңнан астам адам екі қолға бір күрек тапқан. Кейбір азаматтар қайта даярлау курсынан өтіп, өз кәсібін ашқан. Бұл туралы жиынға қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Ерман Бекмұратов брифингте мәлімдеді.

«Электрондық еңбек биржасы» жұмысыз жүрген жандар үшін таптырмас мүмкіндік болып отыр. Өйткені цифрлы жүйеге тіркеліп қана қоймай, өзіңізге қажетті мағлұматты да ала аласыз.

Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша 2500 адамды оқыту қарастырылыпты. Оның ішінде жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес 8 мамандық бойынша 600 адам, еңбек нарығының сұранысына сәйкес 24 мамандық бойынша 1900 адам бекітіліп, 3 ай мерзімге оқуға жолданды, – дейді басқарма басшысы.

Кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасының 2-бағытына негізінде 2555 адам жоспарланып, 1900 адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге оқытуға қабылданған. Бұл ретте кестеге сәйкес оқу 4 ағымға бөлініп, «Atameken Academy» онлайн платформасы арқылы өтуде. Ал «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорымен» келісім шарт түзіліп, 55 адамға шағын несие беру жұмыстары жүргізілген.

Сонымен қатар, бағдарламаның 3-бағыты бойынша еңбек ұтқырлығын арттыру үшін уақытша субсидияланатын жұмыс орындары, әлеуметтік, қоғамдық жұмыстар және жастар практикасы ұйымдастырылуда. Яғни, бұл жұмыстар негізінде халықтың нысаналы топтары қарастырылған.

Айта кетейік, биыл елімізде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары 1,2 млн адамға көрсетіледі. Нақты жалақы мөлшерін 10%-ға – 221 мың теңгеге дейін ұлғайту көзделген. Жұмыссыздық деңгейі 4,9%-дан аспайды. «Бастау бизнес» жобасы бойынша осы жылы 30 мың адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарланған.

Leave a reply