Шымкент: қала әкімінің орынбасары М.Айманбетов брифинг берді

0
137

Бүгін Көрме орталығында қала әкімінің орынбасары М.Айманбетовтың қатысуымен брифинг өтті. Баспасөз мәслихатында Мәулен Зарлықұлы өңірдің даму стратегиясы аясында (құрылыс, энергетика, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары, жайлы ортаны дамыту салалары) атқарылған жұмыстарды баяндады.

– Қазіргі таңда Шымкентте көпқабатты тұрғын үй құрылысына басымдық берілуде. Осы ретте «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 79 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі. Сондай-ақ, Әкімшілік-іскерлік орталығы мен Тұран шағын аудандарында 65 кредиттік тұрғын үйдің (4064 пәтер) құрылысын жүргізу жоспарланған. Биыл 33 кредиттік тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға тапсырылады. Нәтижесінде, 2 096 азамат кредиттік баспанаға қол жеткізеді. Сонымен қатар, 14 арендалық тұрғын үй салынуда. Оның 6-ы – әкімшілік-іскерлік орталығында, 8-і – Тұранда. Ағымдағы жылы 6 үйдің құрылысын аяқтап, 336 пәтерді пайдалануға тапсырамыз, – деді қала әкімінің орынбасары.

Спикердің сөзінше, Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан өткен жылы атқарылған жұмыстардың негізінде қазіргі таңда 81 елдімекеннің 69-ы сапалы, 5-і кестемен, 7-і тасымалды ауыз суға қол жеткізген. Ал кәріз жүйесі бойынша 18-і (559,5 мың адам), сапалы электрмен 65-і , табиғи газбен жартылай 33, толық 40 елдімекені қамтылған.

Сонымен қатар, кәрізбен қамтамасыз ету бойынша 2020 жылы 8 елдімекенде ішкі орамдық және 3 магистралды коллектордың құрылысы жүргізіліп, оның ішінде 1 нысанның (Тоғыс коллектор) құрылысы аяқталды. Шымсити, Тұран, АДЦ, Тоғыс шағын ауданында көпқабатты тұрғын үйлер кәріз жүйесіне қосылды.

Айта кетейік, қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының жұмыстары бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу үлесі 6 айда 17,8 пайызға артты.

Leave a reply