Шымкент: көше жарнамалары тіл заңына сәйкес дұрыс жазылуы жіті бақылауда!

0
130

Бүгін, Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының Ономастика бөлімі қала орталығындағы Еңбекші ауданы, Тәуке хан даңғылы, Елшібек батыр көшесіндегі сауда орындарындағы сыртқы жарнаманың Тіл заңына сай жазылуын тексеру, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Айта кетейік

«Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» ҚР Заңының 21-бабына сәйкес:

-​Бланкiлер, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, басқа да көрнекi ақпарат мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде, ал қажет болған жағдайда басқа да тiлдерде жазылады;

– ​Көрнекi ақпараттың барлық мәтiнi мынадай ретпен: мемлекеттiк тiлде – сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тiлiнде оң жағына немесе төменгi жағына орналасады, бiрдей өлшемдегi әрiптермен жазылады. Қажеттiгiне қарай көрнекi ақпараттың мәтiндерi қосымша басқа да тiлдерге аударылуы мүмкiн.

Бұл жағдайда қарiп өлшемi нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптардан аспауға тиiс.
Аталған заңнама талаптарын кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстары жалғасуда.
Осы ретте, кәсіпкерлерді жарнамаларын «ҚР тіл туралы» Заңның талаптарына сәйкес орналастыруға шақырамыз.

Leave a reply