Шымкент: мереке қарсаңында полиция подполковнигіне құрмет көрсетілді

0
139
Қазақстан полициясының мерекесіне орай Қаратау АПБ-ның басшылығы және жеке құрамы отыз жылға жуық уақыт Ішкі істер саласында қызмет еткен учаскелік полиция инспекторы полиция подполковнигі Ибраев Жанай Ибрайұлын құрметпен зейнетке шығарып салды. Зейнеткер ардагерді шығарып салуға Қаратау АПБ бастығы полиция полковнигі А. Тленшин арнайы құттықтады және иығына шапан жапты. Ішкі істер саласында нәтижелі жұмыс атқаруында сүбелі үлес қоса білген Жанай Ибраев өз сөзінде мол тәжірбиесімен бөлісуге қашан да дайын екенін атап өтті.
«Мен өзімнің білім мен білік тәжірбиемді кез келген қызметкерлермен бөлісуге дайынмын. Қызметте ең бастысы азаматтардың сенімі мен көңілі екенін ұмытпаңыздар. Бұл сенім полиция қызметінің ең үлкен күші мен беделіне айналады», – дейді Ж.Ибраев.
Қаратау АПБ-ның жеке құрамы Жанай Ибраевты зейнетке шығуымен құттықтап және алдағы өмірде табысты қызмет жасауына тілектес екендерін білдірді.

Leave a reply