Шымкент: «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі туралы сот қызметкерлеріне семинар өтті

0
120

Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу сотында «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі тақырыбында семинар өтті.

Бұл ретте Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу сотының кеңсе меңгерушісі Г.Себаева «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі туралы сот қызметкерлеріне семинар сабағын жүргізді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барлық мемлекеттік органдарға «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруда тапсырған болатын.

Кеңсе меңгерушісі өтініштерге қатысты процестерді цифрландыруды қамтамасыз ететін «е-Өтініш» жобасының ерекшеліктерін тізбектеп, жұмыс істеу тәртібін түсіндірді. Жаңа ақпараттық жүйе:
– мемлекеттік органдардың құзыретіне қарай өтініштерді автоматты түрде бөлуге;
– мемлекеттік органдар арасында сауалдар санын оңтайландыру есебінен өтініштерді қарау мерзімін қысқартуға;
– өтініштерді қарауда барлық саты мен мерзім бойынша өтініш берушіні ақпараттандыруға;
– мемлекеттік органдарға түскен өтініштердің бәрінің бірыңғай базасын құруға мүмкіндік береді.
«Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі өтініш берушімен кері байланыс ұстап, мемлекеттік органдардың жұмысына баға беруге жол ашады.
Сондай ақ, жүйе арқылы мемлекеттік қызметшілердің жауабына міндетті түрде жүйелі талдау жүргізілетінін ескеріп, өтініштерді қарау тәжрибесін қалыптастырады.

Leave a reply