Бадминтоннан Қазақстан құрамасы Шымкентте шеберлігін шыңдауда

0
102

Бадминтоннан Қазақстан ұлттық, жастар және жасөспірімдер құрамасы оқу-жаттығу жиындарын бастады.
Отандық атлеттер Шымкентте Орталық Азия бадминтон орталығында жаттығуды бастады. Спортшылар ұлттық құраманың бас бапкері Асқар Омаровтың жетекшілігімен шеберліктерін шыңдауда.

Оқу-жаттығу жиынында спортшылар жалпы физикалық, техника-тактикалық дағды бойынша жұмыстарын жетілдіреді. Сондай-ақ, жиында жүгіру жаттығулары мен теориялық дайындыққа да уақыт бөліп, жұптық санат бойынша спортшылардың дайындықтарын пысықтайды. Бадминтоншылардың оқу-жаттығу жиындары отызыншы маусымға дейін жалғасады.

Айта кетейік, өткен айда шымкенттік бадминтоншылар республикалық v жастар ойынында жеңімпаз атанды. Аталған республикалық додаға Алматы және Қарағанды, Ақмола, Қостанай, ШҚО, Маңғыстау, БҚО, Түркістан облысы мен Алматы, Шымкент қалаларынан тоқсан сегіз спортшы қатысты. Жарыс нәтижесі бойынша Шымкент құрамасы топ жарып жеңіске жетті. Қостанай облысы екінші орыннан көрінді және Қарағанды облысының құрамасы мен БҚО үздік үштікті қорытындылап, үшінші орынға ие болды.

Leave a reply