Дизель генераторын шығаратын зауытта 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған

0
140

Шымкентте жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлер саны 69 352 бірлікті құрайды. Олармен шығарылған өнім көлемі өткен жылмен салыстырғанда 4,4 млрд теңгеге асып отыр. Жалпы өңірлік өнімнің 34 пайызы осы кәсіпкерлердің үлесінде. Өңірлік өнімді өндіріп отырған кәсіпорынның бірі – Too New Technology Ltd фабрикасы.

«Too New Technology Ltd» кәсіпорнында 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жауапты жұмысшылардың жалақысы да жоғары. Дизель генераторын шығаратын бұл кәсіпорын 2020-шы жылы іске қосылған. Содан бері өнімі көптің көңілінен шығып үлгерген. Құрылғыларға сұраныста жоғары. Әзірге жылына 450-ге жуық генератор шығарады. Алдағы уақытта өнім көлемін 800-ге жеткізу жоспарда.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Шымкентте 719 кәсіпорын белсенді жұмыс істеп тұр. Мегаполистегі жиырма төрт ірі және қырық тоғыз орта кәсіпорындардың өзінде отыз екі мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Нәтижесінде өнеркәсіп өнімінің көлемі ағымдағы жылдың бес айында 295 млрд теңгені құраған.

Leave a reply