Шымкентте «Біз есірткіге қарсымыз» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

0
120
26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай Шымкент қаласында ZOOM бағдарламасы арқылы онлайн форматта «Біз есірткіге қарсымыз» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
​Аталған іс-шараға Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының “Жастар ресурстық орталығының” мамандары, «Психикалық денсаулық орталығының» орталығының дәрігерлері қатысты.
​Дөңгелек үстелдің мақсаты – нашақорлық індеті туралы толық мағлұмат беру, тыңдаушыларға адамзат ұрпағына төніп тұрған зиянды әдеттердің зардаптарын түсіндіру, олардан аулақ болуға шақыру, құқықтық тәрбие беру, салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.
Іс-шараны бастаған қалалық «Психикалық денсаулық орталығы» бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Ерлан Ережепов және диспансер бөлімінің меңгерушісі Мұрат Бөртебаев нашақорларлыққа шалдыққан адамдарды емдеу-оңалту жұмыстарының барысымен таныстырып өтті.
​Қатысушылар жұмыс барысындағы туындап отырған мәселелер туралы айтып, алдағы уақытта бірлесіп атқарылатын жұмыстардың жоспарымен бөлісіп, оларға белсенді қатысу қажеттілігін ескертті.

Leave a reply