Шымкентте биыл 10-нан астам оң жақ өткел салынады

0
124

Бүгінде үшінші мегаполисте тың идеялар мен бірыңғай бастамалар арқылы қала көркін қалыптастыру жұмыстары жалғасуда. Әсіресе, көлік кептелісін реттеу мәселелері алдағы уақытта шешімін таппақ. Соған орай, көше қиылыстарындағы оң жақ өткелдерді ұйымдастыру жобасы жүзеге асырылады. Бұл туралы қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан хабарлады.

Мамандардың айтуынша, биыл 11 көше қиылысына оң жақ өткел салу жоспарланған. Олардың қатарында Т.Рысқұлов-Ж.Шаяхметов, Ж.Шаяхметов-Н.Назарбеков, Арғынбеков-Бәйтереков, Сыпырған ата-Әл-Фараби, Арғынбеков-Өтегенов,Сыпырған ата-Темірлан тас жолы, Т.Рысқұлов-Адырбеков, Т.Рысқұлов-Қазиев қиылыстары енгізілген. Бұл өз кезегінде шаһар көркін келтірумен қатар, жаңа келбетін қалыптастырмақ.

Жалпы Шымкентте қолданыстағы 60 оң жақ өткел бар. Зерделеу жұмыстарының нәтижесінде қосымша 45 орынның қажеттілігі анықталған.

Айта кетейік, Шымкентте қазіргі уақытта 295,3 шақырым жолда құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның ішінде 92,2 шақырым магистралды, 203,1 шақырым ішкі орамдық көшелер. Көлік кептелістерін болдырмау мақсатында 4 ірі жолайрықтың құрылысы жоспарланып, бұл жылы 2-уінің құрылысы басталды. 1 жолайрық жыл соңына дейін пайдалануға берілетін болады.

Leave a reply