«Ten qogam» секторы ашылды

0
118

Шымкент қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік жағынан қолдау мақсатында біршама шаралар іске асырылып келеді. Соның бірі әлеуметтік әлсіз топтағы жандар үшін әлеуметтік қызмет түрлерін 1 терезе арқылы көрсетуі. Осы орайда «Ten qogam» секторының мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін көмегі көп болмақ.

Орталықтың міндеттеріне әлеуметтік қызметтер порталы арқылы көрсетілетін қызмет түрлеріне көмек беру, мүгедектігі бар қызметкерлерді жұмысқа қабылдау бойынша кеңестер беру, жекелей сүйемелдеу және т.б. қызметтер кіреді.

«Ten qogam» секторының мақсаты Ұлттық жоспардың бағыттары бойынша жауапты мемлекеттік органдар жұмыстарын жалғастыру. Мысалы, мүгедектіктің алдын алуға бағытталған шараларда денсаулық сақтау саласында медициналық қызметтік сапасы мен қолжетімділігіне байланысты шараларды құзырлы органдармен бірге жүргізу, қоғамдық тасымалдау және автомобиль жолдарына қатысты жолдарда болатын апаттық жағдайлардың алдын-алу мақсатында жол жүру ережелеріне сәйкес белгілерді орнату, Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасының өкілдерімен бірге өз-өзіне қол жұмсау арқылы, денсаулыққа зиянды әсер ететін заттарды (алкоголь, наркотик т.б.) қабылдау арқылы мүгедектікке әкелетін ескерту.

Инклюзивті білім беру: дене бітіміне, психикалық, интелектуалдық, мәдени, этникалық, тілдік және өзге ерекшеліктеріне қарамастан білім алуындағы кедергілерді жою, әлеуметтік ортаға бейімделуін және ықпалдасуын қамтамасыз ету.

Айта кетейік, Шымкент қаласы бойынша мүмкіндігі шектеулі жандар саны – 36 919. Оның ішінде, I топ – 3326 адам, II топ – 14 846 адам, III топ – 12 287 адам, 16 жасқа дейінгі балалар – 6460 адам тіркелген.

Leave a reply