ҚАРАТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ «ӨТЕМІС», «ШАПЫРАШТЫ» ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

0
131
Қала әкімі М.Әйтеновтің шалғай елдімекендерді дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі А.Әліқұлов аудан аумағына қарасты «Өтеміс», «Шапырашты» тұрғын алаптарына барып, елдімекеннің өзекті мәселелерін шешу жолдарын талқылады.
Сондай-ақ, аудан басшысы аталған елдімекендерді дамыту мақсатында атқарылған жұмыстарды атап өтті. Атап айтқанда таяуда ғана «Өтеміс» тұрғын алабында 3 көшеге асфальттау жұмыстары жүргізілді. Арық каналы жөндеуден өткізіліп, тұрғындардың ауыз су мәселесі толығымен шешімін тапты.
Сонымен қатар, «Шапырашты» тұрғын алабында 1986 жылы құрылысы қаланған, жалпы алаңы 1092,7 шаршы метр «Шапырашты» мәдениет үйі толық күрделі жөндеуден өтті.
Абзал Шымкентбайұлы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне алдағы уақытта аталған елдімекендерде инфрақұрылым жүйелері бойынша атқарылатын жұмыс жоспарларын таныстырды. Жиында тұрғындардың және журналистердің өзекті сұрақтарына жауап берді.
Айта кетейік, бүгінде Қаратау ауданындағы «Өтеміс» тұрғын алабындағы 300, «Шапырашты» тұрғын алабында 228 тұрғын үй бар.

Leave a reply